05 мая 2020 | 10:29

Түркістан облысында құрылысшының жалақысы 85 мың теңгеден кем болмауы керек - Шөкеев

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Үкімет отырысында елімізде Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Үкімет отырысында елімізде Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақта жол картасының аясында 460 инфрақұрылым жобасы қолға алынғанын және оның 168-і басталып кеткенін жеткізді. Ал, 292 жоба өңірдегі құрылыс жұмыстарына жұмылдырылады екен. Сондай-ақ облыс әкімі құрылысқа келген жұмысшының айлық жалақысы 85 мың теңгеден кем болмайтынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Жұмыспен қамту жол картасы аясында облыста 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Оған 98 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде 25 мың адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде 460 жобаның 168-і басталды, 6231 жаңа жұмыс орны ашылды. Мамыр айының бірінші онкүндігінде қалған 292 жоба - құрылыс жұмыстары толық басталады. Жұмысқа қатысатындардың жалақысы 85 мың теңгеден кем болмауы керек екені жөнінде мердігерлермен келісімшарт түзілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында КВИ індетінің алдын алу мақсатында қорғаныш құралдарымен қамту және залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақылауға алынады", - деді Шөкеев.

Сондай-ақ, әкім Жол картасындағы қаржыны қайта қарастырып, су басқан Мақтаарал ауданына ақша бұру туралы шешім шығарылғанын атап өтті және Үкімет басшысынан Жол картасы аясында Мақтаарал ауданына қосымша қаржы бөлуді сұрады.

"Өкінішке қарай, Мақтаарал ауданында болған апатқа байланысты біз Жол картасындағы қаржыны қайтадан қарап, сол Мақтаарал ауданына бұру жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу комиссиясынан біздің ұсыныстарымызды қолдауды сұраймыз және мүмкіншілік болса, Жол картасы аясында Мақтаарал ауданы бойынша қосымша қаржы бөлуді сұраймыз. Осы - екі мәселе", - деп түйіндеді сөзін Шөкеев.

Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан облысы әкімінің Мақтаарал ауданына қаржы бөлу өтінішін қанағаттандырып, қолдайтынын айтты.

Еске салайық, Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная