ПОДЕЛИТЬСЯ
07 октября 2024 | 11:10
Түркістанда ағылшынша сөйлеп, жұртты тәнті еткен кесене күзетшісі кім?
55 жастағы Шер Талғатбекұлы бірнеше күн ішінде TikTok жұлдызына айналды. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде күзетші болып жұмыс істейді. Жұрт оның ағылшын тілінде еркін сөйлегеніне тәнті болды. Massaget.kz тілшісі кейіпкермен арнайы сұхбаттасты. Ол енді испан тілін меңгергісі келетінін айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
55 жастағы Шер Талғатбекұлы бірнеше күн ішінде TikTok жұлдызына айналды. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде күзетші болып жұмыс істейді. Жұрт оның ағылшын тілінде еркін сөйлегеніне тәнті болды. Massaget.kz тілшісі кейіпкермен арнайы сұхбаттасты. Ол енді испан тілін меңгергісі келетінін айтты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Бұл видео 3 күн ішінде 700 мыңға жуық қаралым мен 2 мыңнан аса пікір жинаған. Желі қолданушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеп тұрған күзетшіге тәнті болып, "талант бар, таныс жоқ" деп жазып жатыр.
@maha.tkd♬ оригинальный звук - маха
Желі қолданушылары кейіпкерді бұрын ағылшын тілінен сабақ берген, қазір зейнетте жүрген адам деп болжады. Алайда Шер Талғатбекұлы тағдыры бұдан да қызық.
Кейіпкер Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жұмыс істеп жүргеніне шамамен 3 ай болғанын айтты.
Шер Талғатбекұлы – Түркістанның тумасы, жасы 55-те. Үйленген, ұлы мен қызы бар. Бұған дейін тіл меңгеруге қатысы жоқ қарапайым жұмыста құрылысшы, жүргізуші болып жұмыс істеп келген. Жоғары оқу орнын бітірмеген.
"Бұл жұмыс менің таңдауым емес, "Адамның басы – Алланың добы" деген, кім біледі, тағдыр тәлкегі, бұл нүктеде қай мезгілге дейін тұратынымды кім біледі?" – деді кейіпкер.
Алайда талап қылып, білім аламын деген адамға ештеңе кедергі емес. Бұл қағиданың айқын дәлелі – Шер Талғатбекұлы. Ол 5 жыл бойы ағылшын тілін өз бетімен оқып жүргенін айтты.
"Ағылшын тілін толық меңгерген жоқпын. Әлі үйреніп жатырмын, өмір бойы үйреніп өтемін. Ешқандай курс оқыған жоқпын, бәрін өз бетіммен оқыдым. Яғни self education – өз-өзіңе білім беру. Деңгейімді Elementary (орта – еск.) деп бағалаймын, себебі білген нәрсемнен білмеген нәрсе әлдеқайда көп. 5 жылдан бері оқып келемін, онда да күнде емес. Жұмыстан таса кезде, қолым босаған кезде ағылшынға көңіл бөлемін", – дейді ол.
Оның айтуынша, тіл үйренуге бұрыннан қатты қызыққан. Мүмкін болса, шетелде де жұмыс істеп көргісі келетінін жасырмады.
"Шетелге барып, жұмыс істеуден бас тартпаймын. Сол жаққа жолым түсіп жатса, мені ештеңе ұстай алмайды, Барамын, өзімді сынаймын, көремін", – дейді ол.
Шер Талғатбекұлының сөзінше, ол ағылшын тілінің арқасында шетелдік достар тапқан.
"Біздің кесенеге күн сайын адамдар мемлекеттерден, құрлықтардан келіп жатады. Кесенеде жұмыс істегелі бері, тіпті бұдан бұрын да шетелден келген адамдармен тілдесіп жүрдім. Біздің қала туристік қала ғой. Тіл үйрену барысында маған шетелдіктермен сөйлесу қызық болатын, біраз тәжірибе бар. Кейбіреулерімен әжептәуір дос болып кетеміз. Әңгіме жарасса, байланыста боламыз", – дейді кейіпкер.
TikTok жұлдызы ағылшын тілін бұдан әрі дамытып, енді испан тілін қолға алу ойда барын айтты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также