24 июля 2020 | 11:11

Түркістандағы жанжалға байланысты төрт адам ұсталды - Тұрғымбаев

Рахила Тлеуова Корреспондент

Түркістан облысының Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжалға қатысы бар төрт азамат ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжалға қатысы бар төрт азамат ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде екі оқиға орын алды. Ең алдымен, Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде 1 учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заңбұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жумыстары жүргізілуде", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Тұрғымбаев оқиғаны әлеуметтік желі арқылы арандатушылардың болғанын атап өтті.

"Бірақ арандатушылар, әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпараттар таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін, Заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейтті. Қазір жағдай тұрақты", - деді ол.

Түркістан облысындағы қақтығыстың мән-жайы анықталды

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған еді. 

Сәтбаевта 5 жасар қыз жоғалды. Күдіктіні тұрғындар жазаламақ болған

Сондай-ақ, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны, әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная