05 июля 2021 | 21:07

"Түтіннен арыламыз" - Назарбаев елорданың болашағын айтты

"Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмінің кадры / Qazaqstan телеарнасы

Тұңғыш Президенті  - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала күні қарсаңында Qazaqstan арнасына берген сұхбатында елорданың келешегі туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президенті  - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала күні қарсаңында Qazaqstan арнасына берген сұхбатында елорданың келешегі туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы қала болашақта әлемнің ең ірі 600 қаласының қатарына кіруі тиіс екенін айтты.

"Елорда тұрғызуды біз қаражат, мүмкіндік жоқ қиын заманда бастадық. Шешім қабылдау оңай болған жоқ. Кеңес одағы құлап, жеке қалып, зейнетақы, мұғалімдерге, дәрігерлерге жалақы төлейтін қаржы жоқ кезең еді. Сол уақытта саяси тағдырымды бәйгеге тіктім. Осы жылдардың ішінде талай тәуекелге бардым. Тәуекелдердің ішінде ең үлкені - осы астананы салу болды. Ел аралап жүргенде ылғи көз салатыным солардың ғимараты болатын. Еуропа, Шығыс, Қытай, Испания, Италияның архитектурасы үйлесім тауып, келген адамдардың көз жауын алатын әсем қала болып қалыптасты. Қала әрі қарай өсіп-өркендейтін болады, халқы 2-3 миллионға жетеді. Сөйтіп, үлкен қалалар қатарына қосылады", - деді Назарбаев.

Реклама
Реклама

Қазіргі күні әлем экономикасының 50 пайызы дүниежүзінің ең үлкен 300 қаласына тиесілі. Сарапшылар пікірі бойынша, ондай қалалардың қатары келешекте 600-ге жетеді.

"Яғни, онда әлемнің бүкіл экономикасы болады. Себебі ғылым, мәдениет, өнер, мамандар сол үлкен қалаларға шоғырланады. Бұл қатарға Еуропа мен Азияның ортасындағы елорда да кіруі тиіс. Арман - сол. Оны келешек жастар көреді", - деді Елбасы.

Айта кетейік, қазір елордада республика халқының 7 пайызы тұрады. 1997 жылмен салыстырғанда халық саны 4 есеге артты. Бүгінде қала тұрғындарының саны - 1 миллион 200 мың.  

Сонымен қатар, Назарбаев сұхбатында елорданы газдандыру ісі туралы айтты.

"Бүгінге дейін оңтүстіктен мың шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Газ астанаға ғана емес, Қарағандыға, Жезқазғанға, Петропавлға, Көкшетауға дейін баратын болады. Қазір елордалықтарды газбен қамту үлесі 30 пайыз болса, келер жылы толық газбен қамтылады. Содан кейінгі негізгі мақсат - электр жүйесінде тұрған жылу және электр орталықтарын газға ауыстыру. Себебі кейінгі кездері қаланы түтін басып кететін болды. Мұны жою үшін қазандықтардың бәрін газ құбырына ауыстырамыз", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмыстар келесі жылға дейін атқарылатынын айтты.

Елбасы сонымен бірге қала құрылысына қатысты пікір білдірді.

"Көзім түскен жерді жөндеңдер деп айтып отырамын. Қала әкімімен жиі кездесемін. Дегенмен, кейде дұрыс жасалмай жатқан кезде қынжыламын. Бұл қалада сәулетті ғимараттар көп болуы керек, әр әкім өзінің ізін қалдыруы тиіс. Ойдан шықпайтын мәселе, қазіргі бір қабатты үйлерден тұратын қалашық бұрын қаланың сыртында болатын, бүгінде ортасына кірігіп кетті. Барлық жерде мұнаралы нысандар болуы тиіс емес, әрине, бірақ қаланың ортасында елордаға лайықты ғимараттар болуы керек", - дейді Тұңғыш Президент.

Оның айтуынша, биыл қалада 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады.

Айта кетейік, Елорда күніне орай Ұлттық арнадан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмі эфирге шықты. Жобада Елбасы астананың құрылу тарихына, шаһардың болашағына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная