"Туыстарына малын жайғызған". Қорғалжыңдағы мемлекеттік қорықта заңсыздықтар анықталды

"Туыстарына малын жайғызған". Қорғалжыңдағы мемлекеттік қорықта заңсыздықтар анықталды Көрнекі сурет: ІІМ

Қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың Отаны саналатын Қорғалжың қорығында мемлекеттік қорықты қорғайды-ау деген қорықшы-инспекторлардың өздері заңды өрескел бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың Отаны саналатын Қорғалжың қорығында мемлекеттік қорықты қорғайды-ау деген қорықшы-инспекторлардың өздері заңды өрескел бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ерекше қорғалатын аумақта мемлекеттік қорық инспекторлары мен басшылығы өзінің туған-туыстарына заңсыз болса да шөп шауып, малын жайғызған.

Реклама
Реклама

Арнайы жүргізілген прокурорлық тексеріс кезінде қорық аумағында 700-ден астам жылқы алаңсыз жайылып жүргені анықталды. Жылқылар қорықтың мемлекеттік инспекторларының туысқандарына тиесілі болып шықты.

"Қорық режимінің бұзылып, қызметтік мүддеге қарама-қайшы болса да өз өкілеттілігін қолданып, заң бұзғаны үшін үш бірдей қорық инспекторы жұмысынан босатылды. Оның ішінде табиғи кешенді қорғау жөніндегі бөлімнің басшысы да бар", - дейді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Меруерт Байболова.

Қазіргі уақытта қорық басшысына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама