10 января 2019 | 12:28

"Тұйық, ұялшақ, жасық". Балабақшаға барған және бармаған бала жайлы ұстаз бен ата-ана не дейді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
© pixabay.com

Баланы балабақшаға беру дұрыс па, бұрыс па, пайдасы бар ма, жоқ па, бармаса мектеп кезінде қалай болады деген сұрақтар ата-ананың көпшілігін алаңдататыны рас. Бірі қарайтын адам болса баланың үйде болғаны дұрыс десе, енді бірі бала бағушыға сенбей, мінезі ашылып, көпшіл болады деп балабақшаға беріп жатады. Енді бірі баласының жиі ауыратынын алға тартып, иммундық жүйесі толық қалыптассын деп бес жасқа толуын күтеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Баланы балабақшаға беру дұрыс па, бұрыс па, пайдасы бар ма, жоқ па, бармаса мектеп кезінде қалай болады деген сұрақтар ата-ананың көпшілігін алаңдататыны рас. Бірі қарайтын адам болса баланың үйде болғаны дұрыс десе, енді бірі бала бағушыға сенбей, мінезі ашылып, көпшіл болады деп балабақшаға беріп жатады. Енді бірі баласының жиі ауыратынын алға тартып, иммундық жүйесі толық қалыптассын деп бес жасқа толуын күтеді.

Жалпы, мұндай жағдайлар өте көп және әртүрлі. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселелерді ой елегінен өткізіп, өз тәжірибесінде көрген ананың бірінен пікірін сұрады. 

Реклама
Реклама

Алма Мығымбектің үш баласы бар. Тұңғышын балабақшаға бермей, ата-әжесі қараған, қазір төртінші сыныпта оқиды. Ал ортаншысы үш жастан бастап балабақшаға барған, қазір бірінші сыныпта оқиды, үшінші баласы 3 жаста, балабақшаға барады.

"Тұңғышымыз өмірге келгеннен бастап балабақшаға беру деген ойды мүлдем сызып тастадық, себебі бала жиі ауыратын болады дегеннен қорықтық, тәрбиешілерге сенім артпадық, ұйқысынан ерте тұрғызғымыз келмеді, тағысын тағы. Сөйтіп, ауылға ата-әжесіне жібердік. Бір байқағаным, ол баланың мінезі тұйықталып, бізді бөтенсіп, өз пікірін ашық айтпайтын болды, мектепке үйрету де қиынға соқты, оқу үлгерімі жағынан сыныптастарына ілесе алмады. Қазірдің өзінде тұйық, ұялшақ, мектептегі шараларға қатыса бермейді, мұның барлығына баланың көпшілікке үйренбей, үйге "қамалып" өсуі себеп болды деп ойлаймын", - деді ол.


© pixabay.com

Айтуынша, қалған екі баласын тұңғышындағы өзгерістерді байқағандықтан балабақшаға берген.

"Үлкен баламыздың өзгергенін байқап, екінші баламызды балабақшаға бердік. Ол өте пысық, өнерлі, мінезі ашық, түрлі үйірмеге қатысып, көпшілік алдында өнер көрсеткенді жақсы көреді. Тіпті оқу үлгерімі де озық, барлығын бірден ұғып алады, мектепке үйрету де өте оңай болды, сол үшін үшінші баламызды да балабақшаға бердік", - деді Алма Мығымбек.

Ал тағы бір ана балаларын балабақшаға беруге үзілді-кесілді қарсы. Себебі оның ойынша, баланы балабақшасыз да жан-жақты етуге болады.

"Менің екі балам бар. Қызымды балабақшаға беріп көргенмін, аурудан көз ашпады десем болады, шығарып алдым, оның орнына дамыту орталығына бердім. Күніне екі сағат орталықта дамыту шараларына қатысады, қосымша ағылшын тілінің сағаттары бар және аптасына үш рет би үйірмесіне барады. Ұлым да жасына қарай өз тобымен дамыту орталығының курсына қатысады, аптасына екі рет бассейнге барады. Өзім де үнемі балалармен біргемін, назардың жетіспеушілігі деген мәселе жоқ", - дейді Альмира Беспаева.

Енді бұл сұрақтарды бастауыш сынып мұғаліміне қойдық. Себебі әр оқу жылында оның алдына түрлі бала келеді. Бірі балабақшаға барған, енді бірі бармаған. Жалпы, мұндай балалардың арасында қандай айырмашылық бар?

Қырғауылды қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рита Өміржанованың айтуынша, балабақшаға барған бала мен бармаған баланың айырмашылығы жер мен көктей.

"Балабақшаға барған бала мектеп ережесін біліп келеді. Олар өздігінен әріп танып, жазуға, отырып, тұруға, сөйлеуге барлығына икемделеді. Ал балабақшаға бармаған балалар көбінесе ұялшақ келеді, олардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Көбінесе балабақшаға бармаған балалар өзге балалармен тіл табыса алмай қиналады. Сонымен қатар, олардың өз ойын жеткізуі қиын, тіпті көпшілігі өз ойымен бөліспейді. Балабақшаға бармаған балалардың мектепке үйренуіне өте ұзақ уақыт кетеді", - дейді Өміржанова.


© pixabay.com

Сондай-ақ, ұстаздың сөзіне қарағанда, бірінші сыныпқа дейін мектепалды даярлық тобынан өткен балалардың да өзіндік артықшылықтары бар.

"Балабақшадан бөлек, мектепалды даярлық тобы деген бар, оған барған бала да бірінші сыныпқа дайын болып келеді. Олар әріп таниды, партаға қалай отыру керек екенін біледі. Сонымен қатар, мектепте өзін қалай ұстау керек, мектеп дегеніміз жалпы не және оны бұл жерде не күтеді осының барлығынан хабардар болады. Ал мектепалды даярлық тобына бармаған бала көптеген қиындыққа тап болады. Себебі ол балалар үшін көп дүние таныс емес, сол үшін қиналады. Баланың мектепалды даярлық тобына қатысып, бірінші сыныпқа дайын болып келгені мұғалім үшін де, бала үшін де жақсы әрі ыңғайлы", - дейді ол.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная