20 августа 2020 | 16:35

"Уақыт жетпей қалуы мүмкін". ІІМ армян көлігін сатып алғандарға ескерту жасады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі армян көліктерін тіркеу 1 қыркүйекке дейін жүргізілетінін ескертіп, жүргізушілерді тездетуге шақырды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Армениядан көлік сатып алған жүргізушілермен тілдесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі армян көліктерін тіркеу 1 қыркүйекке дейін жүргізілетінін ескертіп, жүргізушілерді тездетуге шақырды. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Армениядан көлік сатып алған жүргізушілермен тілдесті.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бүгінде республика бойынша тіркелуі тиіс 14 мың көліктің шамамен 10 мыңға жуығы немесе 67 пайызы тіркелгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Күніне шамамен 350-400 көлік тіркеліп жатыр. Жүргізушілер арасында бұл мәселеге қатысты құқықтық түсініктеме жүргіздік. Үкіметтің қаулысына сәйкес, армян көліктерін тіркеу 1 қыркүйекте аяқталады. Бұл ақпаратты күн сайын барлық жүргізушіге жіберіп отырмыз", - деді ол.

"Еліміздің аумағында жүруге тыйым салынады"

Ресми өкіл жүргізушілерге көліктерді тіркеу аяқталуға жақындаған сайын кезек көбейіп, тиіс құжатты жинауға уақыт та жетпеу қалуы мүмкін екенін ескертті.

"Жүргізушілер ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал енді "1 қыркүйекке дейін көлікті тіркеп үлгермегендерге қандай жаза қолданылады?" деген мәселеге тоқталайын. ҚР Әкімшілік кодексінің 590 бабы 2 бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша тіркелмеген көлікпен еліміздің аумағында жүруге тыйым салынады. Сондықтан жүргізушілерді мүмкіндігінше тездетіп, көліктеріңізді тіркеп үлгеріңіздер деп кеңес беріп жатырмыз", - деді Нұрділдә Ораз.

"Салық - бір көліктің құны". Шетелдік нөмірі бар жүргізушілер неге уайымдайтынын айтты

Сондай-ақ, ол 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, тіркелмеген армян көліктері Қазақстанда жүре алмайтынын атап өтті.

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Армениядан көлік сатып алған жүргізушілермен де сөйлесті.

"Көлігімді айырбастап жібердім"

28 жастағы елордалық Мерей Күзентай 2019 жылы сатып алған Toyota Сamry 40 көлігін ақпанда Қазақстанда тіркелген көлікке айырбастағанын айтты.

"Осы жылдың ақпанында көлігімді 2000 жылғы Mercedes-Benz автомобиліне айырбастадым. Ол Қазақстанда тіркелген. Ал 2007 жылғы Toyota Сamry 40 көлігін Армениядан 3 миллион теңгеге сатып алған едім. Ал бүгінде мен тізгіндеп жүрген 2000 жылғы Mercedes-Benz автомобилінің отандық нарықтағы бағасы 2 миллион 850 мың теңге. Осылайша, 150 мың теңгеге ұтылдым", - деді ол.

"Бұйырғаны болады"

Ал Ақтау қаласының тұрғыны Ахлиддин Асқар Армениядан Mercedes-Benz көлік сатып алғанын жеткізді. Бірақ көліктің қашан және қаншаға сатып алғанын айтқан жоқ. Тек бұл мәселеге қатысты әлі нақты шешім қабылдамағанын атап өтті.

"Бұйырғаны болады. Сатуға да ниет бар. Бірақ мемлекет тіркесін десе, көппен бірге көлікті тіркеймін", - деп жауабын жүргізуші қысқа қайырды.

Тіркеуге қандай құжаттар керек?

Армениядан әкелінген автокөлікті Қазақстанда тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,25% мөлшерінде (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК - 2 778 теңге) мемлекеттік тіркеу алымының және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті әрі Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы қажет.

Сонымен қатар, Арменияның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және осы жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көліктер ғана тіркеледі. Ал рөлі оң жақта орналасқан көліктер тіркелмейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная