22 июня 2020 | 11:54

ҰБТ-2020: Тестілеу орталығы ең жоғары балл жинаған оқушыны тексереді

Фото: БҒМ баспасөз қызметі

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні Түркістан облысының түлегі 138 балл жинады. Бұл әзірше - ең жоғары балл. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні Түркістан облысының түлегі 138 балл жинады. Бұл әзірше - ең жоғары балл. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні ең жоғары балл жинаған бір түлек болды. Ол 138 балл жинады. Ол - Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мектептің түлегі Әбдіманап Абзал", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Наужан Дидарбекова ҰБТ тәртібіне сәйкес, оқушының жазбасына тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Қазіргі таңда біз жаңа норма енгіздік. Ол туралы айттым. Ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық процесі бейне бақылау камерасына жазылады. Сондықтан Абзалдың да жазбасын толық қарап шығамыз", - деді орталық директорының орынбасары.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда ҰБТ басталғаны, бір талапкер тестілеуге кіре алмай қалғаны туралы хабарланған еді.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная