02 апреля 2020 | 10:14

Үкімет қаулы қабылдады: 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге төлемақы алады

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында еліміздегі дағдарысқа қарсы бірқатар шараны қабылдау мақсатында әлеуметтік-экономикалық даму болжамының қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында еліміздегі дағдарысқа қарсы бірқатар шараны қабылдау мақсатында әлеуметтік-экономикалық даму болжамының қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы онлайн режимде өтті.

Реклама
Реклама

"Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда жаһандық дағдарыс болып жатыр. Коронавирус пандемиясымен шикізат ресурстарына сұраныстың төмендеуі экономикалық бәсеңдеге әкеп соқты. Осының бәрі еліміздің экономикасының дамуына және жұмыс орындарына, халықтың табысы мен әл-ауқатына теріс әсер етіп жатыр. Осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мәлімдемесінде алдағы қадамдарды анықтап, қазіргі экономикалық жағдайда азаматтар мен бизнесті қолдау бойынша нақты міндеттерді айқындады", - деп премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын ұсынды.

Бұл ретте Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайды:

Біздің басым міндетіміз - жұмыспен қамту. Сондықтан "Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы" қабылданды. Бұл әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жаңғырту және дамыту, елді мекендерді абаттандыру арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Жол картасына қажет қаржы көлемі 1 триллион теңгеге ұлғайтылды. Бұл 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бизнесті қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданды. Олар экономиканың түрлі саласын, оның ішінде тамақтану, қонақүй, туристік бизнес және т.б. қамтиды. Бұл шара 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады. Әлеуметтік төлемдерді алушылар қатары кеңейеді. Оның ішінде жұмысынан айырылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар. Шамамен 3 миллион қазақстандық 42 500 теңгеден төлемақы алады. Көпбалалы отбасыларға, жұмыссыздар тұрақты негізде азық-түлік жиынтығы беріледі. 800 мыңнан аса адам қамтылады. Банктер халық пен бизнеске көмектесуі керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, тиісті ұсыныстарды әзірлеу тапсырылды. Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа жұмыспен қамту жол картасын сапалы және тиімді іске асыруда әлеуметтік төлемдердің барлық түрін төлеуді қамтамасыз етсін.

"Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірледі. Республикалық бюджеттің жобасы дағдарысқа қарсы шараларды толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы қажетті қаржымен қамтамасыз етілген және уақтылы орындалады. Үкімет жағдайды қатаң бақылап отыр. Барлық қажетті ресурс бар. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдап, тиісті қаулы жобаларына дауыс беруді ұсынамын", - деген премьер-министрдің қаулысына Үкімет мүшелері дауыс берді.

Бұл қаулыны барлығы қолдап дауыс берді.

Айта кетейік, кеше, 31 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, елдегі төтенше жағдай кезінде әлеуметтік және экономикалық шараларға байланысты Үкімет пен банктерге нақты тапсырмалар берген болатын.

Бұған дейін елімізде төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кеткендер 42 500 теңге және жұмыссыз қалған тұлғалар айлығының 40 пайызын алатыны белгілі болған еді. Соңғы төлем 1-6 ай аралығында жүргізіледі. Кеше еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыздар 42 500 теңгені қалай алатынын айтып берді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная