03 октября 2018 | 00:10

Ұлдарымды әскерге жіберуге қарсымын - Үш баланың анасы

© Сыр медиа

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қазақстан қарулы күштері күшті ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қазақстан қарулы күштері күшті ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның бірінші қонағы болған Нұрсұлтан Оспанұлы әскерге барғысы келмейтінін айтады. 

Реклама
Реклама

"Әскерде болу - әр азаматтың борышы. Колледжде, жоғары оқу орнында оқып жүргенімде қажетті құжаттарды тапсырдым. Маған "повестка" келеді, мен сол қағазбен әскери комиссариатқа барып тұрамын. Бәлкім менің салам әскермен мүлде сәйкес келмейтін болғаннан шығар", - дейді Нұрсұлтан Оспанұлы.

13 жастағы ұлын әскерге жібергісі келмейтін Айнагүл Нұрмағанбетова өз себебін түсіндірді.

"Үш ұлым бар, бірақ оларды кейін әскерге жіберуге қарсымын. YouTube желісінде әскер туралы видеолар толып жатыр. Бірақ біз соны көрмеуге тырысамыз. Балаларымыздың батыл, ержүрек болуы үшін барлығын істеп жатырмыз. Мектепте де төбелесіп жүрген шығар, бірақ біз оның артынан барған емеспіз", - дейді Айнагүл Нұрмағамбетова.

Бағдарламаға қонақ ретінде шақыртылған ефрейтор Денис Яковлев адамды судан алып шыққан, ал аға лейтенант Жеңіс Құрамысов Астанада жасақ құрамымен өрт болған үйден бір отбасын аман алып шыққан.

ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімнің рота командирі Жеңіс Құрамысов жоғарыда бағдарлама барысында әскерге баруға қарсылық білдірген азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулығы әскерге жарамды кез келген жігіті өз борышын өтеуі керектігін ескертті.

"Әртүрлі видеолар бар. 18-ге толғанға дейін баланың ойы өзгереді. Әскерге барғым келмейді деу, әрине, өз шешімі. Бірақ Қазақстан Республикасының денсаулығы әскерге жарамды кез келген жігіті өз борышын өтеуі тиіс", - деді ол.

Бағдарлама барысында Ұлттық ұланда қызмет етіп жүрген ефрейтор Денис Яковлев Абайдың "Айттым саған Қаламқас" әнін орындады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің аға офицері Ұлпан Талап әскерге қалай келгенін айтып берді.

Әлеуметтанушы Рамазан Салықжановтың айтуынша, әскерде болып жатқан кейбір олқылықтарға көз жұма қарау керек.

"Әскерде соғыс кезі болсын, бейбіт заман болсын, осындай шығындар болады деп жоспарланады. Әскери органдар осындай мәселені зерттеп, талдап, жастарды шошытпауы керек. Жаманды жасырып, жақсылықты асырудың амалы. Бірақ қазіргі қоғамда сіздер бар, біздер бар, журналистер мен ақпаратқа ашкөз замандастар айғай-шу қылып көтереміз. Бұл дұрыс емес. Өйткені ондай шығын әскер болғаннан кейін болады", - дейді Рамазан Салықжанов. 

ҚР Ұлттық ұланы ақпараттық-баспасөз бөлімінің басшысы Руслан Тұрғымбайұлы сарбаздарға қандай талаптар қойылатыны жөнінде тоқталды.

Арнайы мемлекеттік орган болғандықтан бізде тек үздік әскери қызметшілер қызмет етеді. Талаптарға сай болуы үшін бойы бір метр 80 сантиметрден кем болмауы керек. Іріктеу барысында психологиялық тұрғыдан, дене бітімі, жалпы барлық қырынан тексеріледі. Медициналық көрсеткіштері де маңызды. Отанға деген адалдығы, шыншылдығы мен төзімділігі тексеріледі. Оқыс жағдайларда шешім қабылдауы да ескеріледі.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная