20 июля 2023 | 15:35

"Үнемі күліп жүретін еді". Әріптестері өз үйінде өлі табылған жаттықтырушы туралы айтты

Фото: instagram.com/damir.turebayev

Алматыдағы фитнес залдарының біріндегі жаттықтырушы Дамир Туребаевты 19 шілдеге қараған түні белгісіз біреу атып кеткені туралы хабар тарады. Полиция бұл деректі растады. Марқұм жігіт жұмыс істеген фитнес зал қызметкерлері Дамир жайлы естеліктерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы фитнес залдарының біріндегі жаттықтырушы Дамир Туребаевты 19 шілдеге қараған түні белгісіз біреу атып кеткені туралы хабар тарады. Полиция бұл деректі растады. Марқұм жігіт жұмыс істеген фитнес зал қызметкерлері Дамир жайлы естеліктерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаттықтырушы Жансая Алтынбекова да Дамир жұмыста ешқашан ешкіммен жанжалдаспағанын айтады.

"Дамир өте жақсы адам еді. Менің осы жерде істеп жүргеніме 1,5 жылдай болды. Оның жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдай болды. Ешқашан жанжал болған емес. Үнемі күліп жүретін, мұңайып жүрген емес. Қолынан келгенше көмектесетін. Неге мұндай жағдай болғанын білмеймін. Қаза туралы жиналыста, басшылықтан білдік. Не болғанын айтқан жоқ. Естіген кезде қатты таңғалдық. Жұмысқа соңғы рет сенбі келді. Тіпті менің клиенттерім Дамирды жақсы көретін", - дейді Дамирдың әріптесі, жаттықтырушы Жансая Алтынбекова.

Реклама
Реклама

19 шілдеде Алматыда фитнес-жаттықтырушыны атып кеткені хабарланған болатын. Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылған. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная