23 сентября 2021 | 12:16

Ұшақ рейсі кешікті: не істеу керек және жолаушының қандай құқығы бар?

Камила Долаева Корреспондент
Фото ©Shutterstock

Tengrinews.kz редакциясы жолаушылардың құқықтарын зерттей келе, ұшақ рейсі кешігіп жатқанда қойылатын жиі сұрақтарға жауап дайындады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясы жолаушылардың құқықтарын зерттей келе, ұшақ рейсі кешігіп жатқанда қойылатын жиі сұрақтарға жауап дайындады. 

Қазақстан Республикасының қай заңында жолаушылар құқығы қарастырылған? 

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамамен, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 86-бабында тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі көзделген.

Рейстер неге кешігеді? 

Рейстер бірнеше себеппен кешігіп шығуы мүмкін. Бұл ауа райының қолайсыздығы (қатты жел, тұман, боран және басқалары) немесе аяқ астынан туындаған және алдын алу мүмкіндігі жоқ техникалық себеппен, оған ұшақты ауыстыру да жатады.

Кейде бір ұшақтың кесірінен одан кейінгі рейстер бірінен кейін бірі кешігеді. Жолаушылардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмеу үшін жүргізілетін жұмыстардан да кешігу болады.

Кейде жолаушы ұшаққа мініп, кейін ұшудан бас тартуы мүмкін.

Әуе компаниясы ұшу кестесінің жоспарлы және жоспардан тыс өзгеруі мүмкін.

Реклама
Реклама
Рейс кешіккенде тасымалдаушының міндеті қандай? 

Egov сайтындағы мәлімет бойынша, тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідірген жағдайда я әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушыларға міндетті: 

  • Жеті жасқа дейінгі балалы жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
  • Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен адамға ұзақтығын бес минуттан асырмай, екі рет телефонмен қоңырау шалуға, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электронды пошта арқылы екі хабарлама жіберуге мүмкіндік беру;
  • Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен адамға салқындатылған сусын ұсыну;

Рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:

  • Күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын, түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • Рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру;
  • Қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Бұл қызметтер жолаушыларға қосымша ақысыз көрсетілуі тиіс.

Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе он сағаттан астам мерзімге кідіртілетін кездегі жолаушының құқығы

Осындай жағдайда жолаушының қалауы бойынша, тасымалдаушы:

  • Осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметтер көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген баратын жеріне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;
  • Жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.

Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұзуға жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.

Рейстің кешіккені үшін қандай өтемақы өндіріп алуға бар?

Рейс кешіккені үшін компанияны айыппұл төлеуге міндеттеуге болады. Тасымалдаушы кінәлі емес екенін дәлелдей алмаса, кешіккен әрбір сағат үшін билет бағасының 3 пайызын қайтаруы тиіс. Бірақ айыппұл мөлшері билеттің құнынан аспауы керек.

Өндiрiп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билет құнынан аспауы қажет.

Қандай жағдайда өтемақы талап етуге болады? 

Әуе компаниялары өзінің кінәсінен болған қолайсыздықтарды ғана өтеуге міндетті. Мысалы, ұшақ ұшуға дайын емес немесе бір жері бұзылып қалды. Бұл тасымалдаушының кінәсі саналады.

Ал ауа райының қолайсыздығына немесе әуежайдағы проблемаларға компания әсер ете алмайды, сондықтан ол өтемақы төлемейді. Дегенмен жолаушылары үшін өз атынан жағдай жасауға тырысуы мүмкін.

Кешігу себебін әуекомпания өкілінен біле аласыз: әуежайда немесе тасымалдаушының сенім телефонына қоңырау шалу арқылы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram