09 февраля 2020 | 00:13

"Үшінші тарап қатысқан". Ауыл ақсақалдары Масанчидегі қақтығыс туралы айтты

Сортөбе ауылындағы Мәдениет үйінде өткен ақсақалдармен кездесу барысы. Фото: primeminister.kz

Қордай ауданындағы Сортөбе ауылының ақсақалдары қақтығысқа "үшінші тарап қатысқанын" мәлімдеді. Бұл туралы олар ауылдың Мәдениет үйінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастап барған Үкімет комиссиясымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қордай ауданындағы Сортөбе ауылының ақсақалдары қақтығысқа "үшінші тарап қатысқанын" мәлімдеді. Бұл туралы олар ауылдың Мәдениет үйінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастап барған Үкімет комиссиясымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз әрдайым келісіммен, тату өмір сүрдік. Мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Жастар арасында ұсақ келіспеушіліктер болатын, бірақ меніңше, кешегі оқиғаға үшінші тарап қатысқан", - деген пікірін білдірді ақсақалдардың бірі.

Реклама
Реклама

Ақсақалдармен кездесу барысында Сапарбаев жергілікті тұрғындарды сабырға шақырып, түрлі арандатуға ермеуге кеңес берді. 

"Біздің міндетіміз - тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Кешегі қайғылы жағдай қайталанбауы тиіс. Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірге Үкімет комиссиясы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Біз тәртіп орнатамыз, сіздерден сабыр сақтауды өтінеміз. Бізде барлық қажетті құралдар мен күштер жеткілікті", - деді ол.


Сортөбе ауылындағы Мәдениет үйінде өткен ақсақалдармен кездесу. Фото: primeminister.kz

Вице-премьердің айтуынша, кикілжіңді тудырғандар мен арандатушыларды арнайы оперативтік тергеу тобы анықтайтын болады, бұл топ болған оқиғаның барлық жағдайларына объективті тергеу жүргізеді. 

Вице-премьер оқиғаның тек тұрмыстық сипаттағы кикілжің екенін тағы бір атап өтті. 

"Біз бәріміз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Бұл жерде ешқандай ұлттық мәселе жоқ. Тұрмыстық кикілжің болды, оны арандатушылар пайдаланып, басқа арнаға бұрып жіберді", - деді ол.

Масанчидегі қақтығыстан қаза тапқандардың тізімі жария болды

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты. Қордай ауданындағы оқиғаның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шеккен.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная