ПОДЕЛИТЬСЯ
31 января 2020 | 17:00
"Ұйықтаған жоқ". Депутаттар желіде қызу талқыланған видео туралы пікір білдірді
Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Мәжіліс отырысында түсірілген видео қызу талқыға түсті. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты депутаттардың пікірін сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Мәжіліс отырысында түсірілген видео қызу талқыға түсті. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты депутаттардың пікірін сұрап білді.
Айта кетейік, Желіде тараған видеода бірінші депутаттың сұрақ қойып жатқанын көруге болады. Оның жанында отырған мәжіліс депутаты Владислав Косарев көзін жұмып отыр. Алайда оның не ұйықтап, не қалғып отырғаны белгісіз. Бұл жағдайға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді.
"Біреуі елдің жағдайын түсінерсің деп, кино көр дейді. Біреуі қойыңдаршы бір мызғып алайын дейді... Жаратқан Алла салиқалы басшыларды берші", - дейді бір қолданушы. Ал тағы бірі "депутат ұйықтап отыр" деген пікірде. "Ұйықтап отырған адамның орнына мені алыңызшы! Үйде ұйықтағанша, жұмыста ұйықтап, ақша алайық", - деп жазды ол. "Косарев (Владислав - автор) не істеп отыр?", - деп тағы бір қолданушы өз көзіне өзі сене алар емес.
Осы орайда бұл мәселеге қатысты депутаттардың пікірін білдік.
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік желідегі видеоны көргенін атап өтті.
"Видеоны көрдім. Онда депутат ұйықтап отырған жоқ. Ол кісінің отырысы сондай, 82 жастағы азамат қой, әрі коммунистік партия атынан сайлаған мәжіліс депутаты. "Бір депутат ұйықтап отыр" деп барлығына күйе жағуға болмайды. Әр адам өз әрекетіне жауап беруі керек", - дейді ол.
Ал мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова әріптестерінің әрекетіне қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді.
"Видеода әріптесіміз Берік (Дүйсембинов - автор) эмоционалды түрде сөйлеп жатыр. Оның жанындағы адамның ұйықтап жатпағаны ықтимал", - деді депутат.
Сондай-ақ, тағы бір мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан видеоны көргенін, бірақ мәселінің мән-жайын білмейтін айтты.
"Онда адам ұйықтап отырған сияқты. Бірақ анығын білмедім. Біреудің артынан сын айта алмаймын", - деп жауабын қысқа қайырды.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әлеуметтік желідегі қызу талқыланған видеоны көрмепті.
"Видеоны көрген жоқпын. Қазір Арыс қаласына жұмыс сапарымен келдім.
Онда "Ақ жол" партиясының төрағасын сайлағалы жатырмыз. Сондықтан бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын", - деп ол жауабын қысқа қайырды.
Сонымен қатар, депутаттарға "маңызды жиналыстарда басшылар мен депутаттар ұйықтап кетуі мүмкін бе?" деген сауал қойдық.
9 жыл сенатор қызметін атқарып жүрген Мұрат Бақтиярұлы әріптестерінің тәтті ұйқыға берілгенін көрмепті.
"Бұл мәселеге қатысты жеке пікірімді білдіремін. Әрине, жиналыс көп, заң жобаларын жиі талқылаймыз. Мәжіліске жауап бере алмаймын. Ал сенаттағы әріптестерімнің арасында ұйықтап кететін, қалғып отыратындарды көрген жоқпын. Менің бұл қызметте жүргеніме 9 жыл болды", - деді ол.
Бақытгүл Хаменова бұл мәселені адами факторға теңеді. "Бұл адами фактор. Мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы ықтимал", - деді депутат.
Ал Азат Перуашев бұл сұраққа қысқа жауап берді: "Бұл тек адамның өзіне байланысты".
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также