СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
16 июля 2021 | 17:22

Вакцина алмағаны үшін шеттетілген адам жұмысқа қалай оралатыны айтылды

Камила Долаева Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова вакцина алмағаны үшін жұмысынан шеттетілген адамдар қалай қызметіне оралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова вакцина алмағаны үшін жұмысынан шеттетілген адамдар қалай қызметіне оралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек министрлігі жұмыс беруші вакцина алмаған және ПТР тест тапсырмаған қызметкерін жұмыстан шеттете алатынын, оларды басқа адамға алмастыруға болатынын хабарлаған еді. Есмағамбетова қызметкер вакцина алуды ұйғарса, қалыпты жұмысына орала беретінін айтты. 

"Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, қызметкер өз әрекеті немесе әрекетсіздігінен айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірсе, жұмыс беруші оны жұмыстан шеттете алады. Тосқауыл жойылғанша шектеу алынбайды. Ал қызметкер вакцина алса, кедергісіз жұмысына орала береді", - деді комитет басшысы.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол вакцинаға қарсы көрсетілімі бар адамдар 7 күнде бір рет ПТР тест тапсыруға міндетті емес екенін айтты, ал вакцина алмағандар тапсыруы керек.

Айта кетейік, 2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 776 755 адам, 2-ші компонентін 2 661 833 адам салдырды.

Еске салайық, 1 шілдеде Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда вакцина алмаған қызметкерлердің жұмыс орнына келуін шектейтін компаниялар мен кәсіпорындар тізімі көрсетілген. Тізімге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету нысандары және халық жаппай баратын басқа да орындар кіреді.

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная