01 июля 2021 | 14:49

Вакцина алуға мәжбүрлеу заңды ма? Заңгер жауап берді

Фото: elements.envato.com

Коронавирусқа қарсы вакцинаны мәжбүрлеп салу - заңсыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы вакцинаны мәжбүрлеп салу - заңсыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Жоба тілшілері 20 адамнан асатын ұжым екпе салдырсын деген талап қаншалықты орынды екенін анықтады. Ақпарат агенттігінің тілшілері ең алдымен Халық денсаулығы туралы кодекстің 77-бабын келтірген. 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі: 77-бап, 18-тарау:

Реклама
Реклама

"Қазақстан азаматы емделуге және басқа да медициналық араласуларды, профилактикалық екпелерді жүргізуге келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқылы". 

Заң осылай десе, өкілетті тұлғалардың жарлығы кодекспен келіскісі келмейді.

"20 адамнан асатын кез келген ұжым вакцина салдыруға міндеттеледі немесе 7 күн сайын ПТР тест тапсыруылары тиіс", - дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы. 

Ал қоғам белсендісі, заңгер Болатбек Біләлдің сөзінше, вакцинаны мәжбүрлеп салдыру - заңсыз.

"Қай вакцинаға болмасын мәжбүрлеу адам құқықтарының сақталу принципіне қарама-қайшы келеді. Биліктегілер пандемиямен күресті қолға ала алмағандықтан осындай шараларға барып жатыр", - дейді ол. 

Журналистер мәліметінше, халықтың екпеден қорқуына WhatsApp мессенджерінен тарап жатқан түрлі ақпарат себеп. Вакцинаның ішінде чип бар, бедеулікке алып келеді, тағысын тағы. Бұған қатысты пульмонолог маман пікір білдірді. 

"Вакцина бедеулікке душар етеді деп шулап жүр. Адамда жасушалардың бөлінуін, яғни ұрықтың пайда болуын қамтамасыз ететін ағзалар бар. Коронавирус қанды ұйытып, сол ағзаларға оттегін барғызбайды. Ал екпе алған адамдардардың қаны ұйымайды. Сондықтан вакцина - генофондты сақтаудың жолы. Жалған ақпараттарға сенбеңіздер", - деді физиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная