08 февраля 2021 | 12:00

"Вакцина инесі майысқан". Қазақстандықтар америкалық шенеуніктің видеосын таратты

© Reuters

Қазнет қолданушылары АҚШ вице-президенті Камала Харрис вакцина салдырған сәттің видеосын таратып жатыр. Видео былтыр желтоқсанда түсірілген. Кей желі қолданушысы америкалық шенеунік вакцина салдырғанына сенбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазнет қолданушылары АҚШ вице-президенті Камала Харрис вакцина салдырған сәттің видеосын таратып жатыр. Видео былтыр желтоқсанда түсірілген. Кей желі қолданушысы америкалық шенеунік вакцина салдырғанына сенбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желіде тараған видеода АҚШ вице-президенті вакцина салдырған сәт түсірілген. Желі қолданушыларының пайымдауынша, Харриске вакцина салынбаған. Себебі "шприц инесі майысып, қалпақшасы шешілмеген" екен.

Реклама
Реклама

Бұл видеоны отандық танымал адамдар да таратып жатыр. Олардың ішінде айтыскер ақын Балғынбек Имашев, "Өнер қырандары" театрының актері Мадияр Серікбаев бар. 

Камала Харрис 29 желтоқсанда вакцина салдырғаннан кейін, бұл видео Қазақстанда ғана емес, шетелде де қызу талқыға түскен. Видео сапасы нашар болған соң, шприц инесі көрінбейді, сондай-ақ қалпақшасы алынбағандай көрінеді.

Бұл видеоға пікір білдіргендер де америкалық шенеунікке вакцина салынбады деп санайды. 

"Салды ма, салмады ма, түсінбедім", "Инені майыстырып қойған, халықты алдап жатыр", "Өтірік істеу бұларда да бар екен ғой", - деп жазды желі қолданушылары. 

Ал Reuters жариялаған сапалы видеода ине салынғаны анық көрінеді. 

Factchek.kz мәліметінше, вакцина жаңа үлгідегі шприцпен салынған. Бұл шприцтің ескілерден айырмашылығы - ине салынғаннан кейін ол басқаларға тимеуі үшін бірден қалпақшасы жабылады. Видеода вакцина салған дәрігердің істегені де осы. 


Фото: diabet-control.ru


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная