Вакцинадан кейін қол-аяғы құрысып қалған қыздың жағдайы белгілі болды

Видео кадры

Аяқ-қолы "вакцинадан кейін" тырысып қалған алматылық акушердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аяқ-қолы "вакцинадан кейін" тырысып қалған алматылық акушердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты. Оның сөзінше, бұл жағдайды тексеру жұмыстары әлі аяқталмаған.

"Бұл мәселенің жауабын тексеру жұмысы аяқталғаннан кейін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таныстырады. Бүгінде ол кісінің жағдайы тұрақты", - деді Айнагүл Қуатбаева ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде аяқ-қолы вакцинадан кейін тырысып қалды делінген видео тараған еді. Осыған қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пікірін айтқан болатын. Табынбаевтың сөзінше, бұл оқиға расымен болған, алайда вакцинаға қатысының әлі белгісіз. Оқиғаның анық-қанығын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама