ПОДЕЛИТЬСЯ
12 февраля 2021 | 17:23
Вакцинаға қарсы қозғалыстардың демеушілері бар - дәрігер-эпидемиолог
Дүние жүзінде вакцинаға қарсы қозғалыстың демеушілері бар. Мұндай мәлімдемені ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығының дәрігер-эпидемиологы Лена Қасабекова жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинг барысында журналист маманнан вакцинаға қарсы қозғалыс бастау кімнің мүддесі екенін сұраған.
"Қазіргі уақытта вакцинаға қарсы қозғалыс үдеп келе жатқаны ешкімге құпия емес. Дүние жүзінде бұл қозғалыстың демеушілері бар. Қазіргі кезде дүние жүзінде профилактикалық вакцинадан бас тартқандар саны артып жатыр. Бас тарту себебі әртүрлі. Жаппай вакцинация немесе қосымша иммунизация шарасы басталғанда мұндай қозғалыстардың белсенділігі артады. Біз де мұндай жағдайларға тап болдық. БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы халыққа вакцина пайдасын түсіндіруге тырысып жатырмыз", - деді Қасабекова.
Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавинрусқа қарсы вакцинация басталған болатын.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также