ПОДЕЛИТЬСЯ
17 августа 2021 | 13:38
Вакцинация паспортын қолдан жасағандар екпе салдыра ала ма?
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинация паспортын қолдан жасағандар қалай екпе алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинация паспортын қолдан жасағандар қалай екпе алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жандарбек Бекшин жалған вакцинация паспортын жасағандар кейін ойынан айнып, екпе алғысы келсе, оны ақылы түрде өткізуді қолдайтынын айтты.
"Бұл мәселе Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бақылауында. Көп жағдайда вакцина төгілді, олар үкіметке де, қоғамға да зиян тигізіп отыр. Сондықтан өз қалтасынан вакцинациядан өткізуге мәжбүрлеу керек", - деді қаланың бас санитария дәрігері.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қазір вакцинация паспортын қолдан жасағандар екпе алып жатқан жоқ екенін айтты.
"Денсаулық сақтау министрлігінде жалған вакцина паспортын алғандарға амнистия қаралып жатқан сияқты. Бірақ жалпы олардың біздің мемлекет қаржысына жекеше зиян келітірп жатқанын біз де түсінеміз. Сондықтан бұған жеңіл қарауға болмайды", - дейді Нариман Табынбаев.
Ол адам қателігін мойындап, вакцина алғысы келсе де дәл қазір екпе салдыра алмайтынын айтты. Себебі базада оларда вакцина алды деп тұр.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также