15 июля 2020 | 12:51

Вице-министр коронавирус статистикасының неге дұрыс болмағанын түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова coronavirus2020.kz сайтындағы статистиканың неліктен дұрыс көрсетілмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова coronavirus2020.kz сайтындағы статистиканың неліктен дұрыс көрсетілмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда COVID-19 жағдайына байланысты ресми мәлімет жарияланатын арнайы сайтта 9 шiлдеде аурудан жазылғандар саны 35 137 болған, бірақ 10 шiлдеде ол 31 815 болып қысқарды. Қайтыс болғандар саны да бір күні 280-нен 264-ке азайды. 

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мұндай жағдайдың болғанын растады және бұған ақпараттық жүйенің істен шығуы себеп болғанын атап өтті.

"Мұндай факт шынымен болды. Себебі ақпараттық жүйелер істен шығып қалды. Содан кейін цифрлар қайтадан нақтылап саналған соң мәліметті жаңарттық. Бұқаралық ақпарат құралдарына да жүйе істен шыққаны және деректер қайта түзелгені туралы хабарладық", - деді ол ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Людмила Бюрабекова Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру портатив аппараттарын жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 63 514-ке жетті. 38 008 науқас дертінен айықты, 396 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная