06 апреля 2020 | 11:07

Вице-министр теледидардағы сабақ неге 10 минут екенін түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қазақстанда мектеп оқушылар алғаш рет қашықтан оқу форматында білім ала бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда мектеп оқушылар алғаш рет қашықтан оқу форматында білім ала бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде мектептегі оқудың мұндай форматы алғаш рет қолданылып отыр. Бүгін таңертең сағат 9-дан бастауыш сыныптары үшін теледидардан сабақ өтіп, 1 миллионға жуық қолданушы электрон платформаларды пайдаланып үлгерген. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның парақшасында тікелей эфирде мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілі теледидардағы сабақтың неліктен 10 минут екенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл - тек жаңа сабақты түсіндіру үшін ғана пайдаланылады. Әрі қарай сабақ барысын оқушы тиісті платформалар арқылы мұғаліммен кері байланыс арқылы жалғастырады.

"Біздің қоғам мектептерде қалыпты жағдайда үйреншікті сабақтардың 40 минут болатыны қанымызға сіңіп кеткен. Осылай болуы керек екенін барлығы да біледі. Сондықтан неге бұл сабақ 10 минут деген сұрақтың туындауы орынды. 10 минуттық сабақтардың ішінде мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі бойынша телесабақ жазылған. Тек қана жаңа сабақты түсіндіріп беруі. Бұл сабақ осымен аяқталмайды. 10 минуттық көрсетілімнен кейін, біздің әдістемелік нұсқаулықтарымызда да нақты көрсеттік, әр мұғалім өзінің сыныбындағы балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Тек қана осы видеодан тұратын сабақ емес, әрине. Оқушының қолында оқу құралдары, оқулығы, басқа әдістемелік нұсқаулығы бар. Қандай материалдарды пайдаланып, осы тақырыпты өздігінен игере алады? Өзі үшін оқып алады. Сұрақтарға жауап береді. Содан кейін белгілі бір тапсырмалар... Бұл дегеніміз оқушы сабақты теледидардан ғана көріп, осымен сабақ бітті деген сөз емес. Кейін оқушылар түсінгені жайлы, орындаған тапсырмалары бойынша мұғаліммен кері байланыс жасайды. 40 минуттық сабақтың орнын басатын оқу материалдары әр оқушыға жеткізіледі. Мұны әр мұғалім біледі", - деп түсіндірді Каринова.

Вице-министр мұғалімдерге ешқандай есеп, мониторинг, мектепке жиналу, тексеру секілді жұмыстардың жасалмауын тағы да ескертті.

Айта кетейік, еліміздегі мектеп оқушылар қашықтан 4 бағыт бойынша оқып жатыр.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная