21 октября 2020 | 12:34

Вице-премьер Қазақстанның мемлекеттік қарызы қандай деңгейде екенін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Вице-премьер Әлихан Смайылов еліміздің мемлекеттік борышы халықаралық ұйымдар бекіткен 50 пайыз лимиттен әлдеқайда төмек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вице-премьер Әлихан Смайылов еліміздің мемлекеттік борышы халықаралық ұйымдар бекіткен 50 пайыз лимиттен әлдеқайда төмек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәния Еспаева мемлекеттік қарыздың жыл сайын өсіп бара жатқанын атап, ұлттық экономика және қаржы министрлерінен мәселені шешу жолдарын сұрады. Алайда төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жауабына "қанағаттанбай", сөзін бөлді де, вице-премьерден жауап сұрады.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 2021 жылы 30,3 пайыз, 2022 жылы 30,5 пайыз ұлғаяды деп болжанған. 2025 жылы Үкімет қарызы 2019 жылға қарағанда 2 есе көбейіп, 25 триллион 692 миллиард теңге болатыны күтілуде. Үкімет есебіне сүйенсек, мемлекет қарызы осы жылы ЖІӨ-ге шаққанда 29,2 пайыз болады. Бұл бюджет концепциясында белгіленген шектеуден 27 пайыздан асады. Мемлекеттік қарыз сомасы өседі, сәйкесінше республикалық бюджетке салмақ түседі, қарызға қызмет көрсету шығындары артады.

Республикалық бюджет кірісінен бұл шығындар мен Үкімет қарызын өтеу 2019 жылы 19,9 пайыз болса, 2022-2023 жылдары 23 пайызға дейін ұлғаяды. Нәтижесінде бюджетке қарыз жүктемесін шектеу (15 пайыз) бұзылады. Осыған байланысты сұрағым бар. (...) тағы барлық лимит бұзылған. Бұл жағдайды реттеу үшін қандай шара қолданасыз? Екінші сұрағым Ерұлан Кенжебекұлы (қаржы министрі) сізге: алдағы жоспарланған мерзімдегі мемлекеттік және кепілдендірілген мемлекеттік қарыз болжам қандай", - деп сұрады депутат.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет қарызы мен оған қызмет көрсету шығынын қысқартудың үш жолын атады.

"Иә, 2020 жылы қарызды өтеуге қызмет көрсету шығындары 12 пайыз, 2023 жылы 23 пайыз болады. Мемлекет қарызына қызмет көрсету шығындарын бақылау үшін үш бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Біріншісі, бюжет тапшылығын қысқарту. ЖІӨ-ге шаққанда 2021 жылдан бастап тапшылықты 3,4 пайыз, 2023 жылы 2,1 пайыз азайту көзделіп отыр. Бұдан басқа теңгелей қаржыландыруға мүмкіндік беріледі. Бұл арқылы мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуді өтеудегі қарыздың өсу қаупін төмендетуге болады. 

Екінші, Мемлекет басшысы негізгі бюджет көрсеткіштерін әзірлеуді тапсырды. Бұлар мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 

Үшіншісі, бюджет шығындарын шектеу. Өтінімге қоса берілетін шығындар көлемін жоспарлап жатқанда баға беру көзделген. Сонда заңға өзгеріс енгізгенге дейін дайын болып түседі. Жалпы бұл шаралар мемлекет қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуді өтеуге көмектеседі", - деді Дәленов.

Содан соң қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап беруге тырысты. 

"Мемлекеттік қарыз айтарлықтай қауіпсіз деңгейде екенін күмәнсіз айтқым келеді. Бұған біз күн сайын мониторинг жасап отырамыз. (...) Сондай-ақ біз қарызымызды экономикасы бізге жақын басқа елдермен де салыстырамыз. Мысалы, Түркияда мемлекет қарызы 40 пайыз, Мексикада 55 пайыз, Индонезияда 37 пайыз. Дегенмен біз әрбір жобаға...", - деген кезде Нығматулин бас қаржыгердің сөзін бөлді.

"Сіз Африкалық елдерді де атаңыз. (...) Істің мәнін айтыңыз, мемлекет қарызын қалай қорғаймыз және оған не болатынын айтыңыз", - деді Мәжіліс спикері. 

Ерұлан Жамаубаев әрі қарай жауап беріп жатқанда, Нығматулин "қаржы министрінің жауабы жоқ. Әлихан Асханович (вице-премьер) көмектесіңіз", - деді. 

Әлихан Смайылов бүгінде мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде екенін атап өтті. 

"27 пайыз лимит деген - біздің концепция аясында бекіткен лимитіміз. Жалпы халықаралық ұйымдар ЖІӨ шаққанда 50 пайыз лимит қояды. Бұған қоса, басқа елдердегі дағдарысқа байланысты Еуропалық Одақ елдерінде бұл лимит өсу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар қойған лимиттен біз әлі алыстамыз, жалпы көрсеткішке үнемі мониторинг жасаймыз. Біз үш жыл ішінде тапшылық деңгейін біртіндеп төмендетіп келеміз. Бұдан бөлек "жұмсақ" валюталармен - теңге, рубльмен әрекет етіп, валюталық тәуекелдерден "кетеміз". Сондай-ақ Дәленов айтқан басқа шаралар да бізге жайлы деңгейде болуға мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! - 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная