Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июля 2018 16:43

XV ғасырдағы карта Түркістан облысына берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Түркістан облысының әкіміне XV ғасырда салынған картаның көшірмесі табысталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысының әкіміне XV ғасырда салынған картаның көшірмесі табысталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолының картасын салтанатты түрде тапсырды. Бұл құжат XV ғасырда салынған. Ханкелді Әбжанов Ұлы Жібек Жолының бойындағы ірі қалалар мен өзендер белгіленген бұл картаның түпнұсқасы 20 миллион АҚШ долларына бағаланатынын айтады. 

"Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өтті. Оған Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Линь Мэйцунь де қатысты. Біздің тарихымызды тыңдап, арнайы шақырғанымызға риза болған ол сонау XV ғасырда басылған картаның көшірмесін сыйға тартты. Әлемде бұл картаның көшірмелері бір қолдың саусағының санына да жетпейді. Ал, түпнұсқасы Гонконг банкінде сақтаулы тұр. Оның құны - 20 миллион АҚШ доллары. Қытай профессоры өзіндегі екі көшірменің біреуін бізге сыйлады. Картада Ұлы Жібек Жолының бойындағы ірі қалалар мен өзендер белгіленген. Ішінде Түркістан қаласы да бар. Болашақта Түркістан облысының орталығы - Түркістанда үлкен музей салынатынын естідім. Сондықтан осы аса құнды жәдігерді Түркістандағы музейге тапсыруды жөн деп таптым", - деді профессор.

Құнды жәдігерді қабылдап алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев профессорға ризашылығын білдірді.

"Бұл карта мұражайымыздың төрінде тұрады. Түркістан қаласы туралы жәдігерлер мен археологиялық байлықтар болса бізге әкеліп тапсырыңыздар. Мұражайға қояйық. Ел көрсін. Тарихымен таныссын", - деді әкім. 

Ханкелді Әбжанов құнды жәдігердің қазақ тарихындағы маңыздылығына тоқталды.

"Қытай профессоры Линь Мэйцунь жаңағы карта туралы арнайы еңбек жазған. Өзіміздің бауырымыз, белгілі тарихшы, профессор Нұрлан Кенжеахмет те осы картаны терең зерттеп, кітап жазып қойды. Өйткені, ол түркі тіліндегі жер-су аттарын жақсы біледі. Соларды атап көрсете білді. Әттеген-айы, құнды еңбегін баспадан шығара алмай жүр. Қазір қолжазба күйінде тұр", - деп, маңызды мәселені айтты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кітапты жарыққа шығаруға қолдау көрсететініне уәде беріп, профессорды қабылдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети