10 января 2019 | 17:36

Заңгер қандай жағдайларда елден шығуға тыйым салынатынын айтып берді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың шет елге шығуын уақытша шектеу шарасы осымен бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Оған көбіне қарыздардың болуы себеп. Дегенмен көбі мұндай жағдайлардың алдын алмайды. Шетелге шығуға шектелген адамдардың тізіміне алименттерді немесе әкімшілік айыппұлдарды төлемеген, сондай-ақ, коммуналдық қызметтерге қарызы бар адамдар кіруі мүмкін. Тізімге тіпті 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар адамдар енгізіледі екен.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың шет елге шығуын уақытша шектеу шарасы осымен бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Оған көбіне қарыздардың болуы себеп. Дегенмен көбі мұндай жағдайлардың алдын алмайды. Шетелге шығуға шектелген адамдардың тізіміне алименттерді немесе әкімшілік айыппұлдарды төлемеген, сондай-ақ, коммуналдық қызметтерге қарызы бар адамдар кіруі мүмкін. Тізімге тіпті 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар адамдар енгізіледі екен.

Сонда шетелге шығуға шектелген адамдардың тізіміне қалай түспеу керек және борышкерлер тізімінде болсаңыз не істеу керек? Бұл қаншалықты заңды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне толығырақ заңгер Маргарита Цай айтып берді.

Реклама
Реклама

Заңгер қазақстандықтардың елден шыға алмауына негізгі үш себепті атап берді.

"Біріншісі, сот орындаушысының қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салатыны жайлы үкімі шығып қойса, ол адам қалай да елден кете алмайды (қарыз үшін). Мұндай шешімді тек сот шығарады. Екінші жағдай, мысалы, сіз азаматтық іс бойынша жауап беріп, күдікті немесе айыпталушы болсаңыз, сізге міндетті түрде сот процесінің аяқталуын күтуге тура келеді. Үшінші жағдайда құжаттарыңызға қатысты проблемалар болуы мүмкін. Паспорттың мерзімі аяқталса немесе өзіңізбен бірге балаңызды алып кеткіңіз келсе, ал оған паспорт әлі берілмеген болса, сіз елден шыға алмаймыз", - дейді маман.

Осы ретте заңгер қарызы бар қазақстандықтарға елден шығармай жатса не істеу керектігі жайлы кеңес берді. 

"Бірінші кезекте қарыздарыңызды өтеп, сот орындаушысына хат жолдап, елден шығуға шектеуді алып тастауды талап ету керек. Екіншіден сот орындаушысына нақты себеп көрсетілген анықтаманы көрсету қажет, мысалы, шетелде ем алу қажеттігі туралы анықтаманы көрсетуге болады. Бұдан бөлек, екінші тараппен келісіп, атқару өндірісін қайтарып алуға болады", - дейді Маргарита Цай.

Дегенмен көбі қарызы бар екенін елемейтін жағдайлар көптеп кездеседі. Ал ол кезде қалай әрекет ету керек? Заңгердің айтуынша, бірінші ретте сот орындаушысымен байланысқа шығу қажет. 

"Сот орындаушысына хабарласып, қажетті құжаттарды сұрау керек. Мысалы, соттың шығарған шешімі, яғни сот қаулысы немесе нотариалдық жазбалар. Бірақ сіз ол құжаттармен келіспейтін болсаңыз, сот орындаушысы құжаттарды сізге беруге міндетті. Сіз ол шешімді алып тастауды талап ете аласыз немесе шағымдана аласыз. Ал сот шешім шығарып қойған жағдайда, сол шешім шығарған сотқа апелляциялық шағым түсіре аласыз", - дейді маман.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Сондай-ақ, заңгердің айтуынша, нотариалдық құжатпен келіспеген жағдайда нотариус өкілдеріне шағымдана аласыз. Бірақ нотариустағылар ол шағымды қараудан бас тартса, сот арқылы шағымдануға болады.

Бұдан бөлек, маманның айтуынша, елден шығуға шектеу қою кейбір жағдайларда заңсыз саналады екен.

"Қарыз бар екені дәлелденбеген жағдайлар кездесіп жатады. Мысалы, несие өтелмей қалғанда, алименттер бойынша қарыздар немесе пәтерақы төленбей қалған жағдайлар болып, бірақ олар атқарушылық өндіріске алынбаса (cотқа түспесе), сіздің елден шығуға құқығыңыз бар", - дейді заңгер.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная