01 октября 2021 | 13:27

Заңгер мұғалімге қандай сыйлық беруге болмайтынын айтты

Камила Долаева Корреспондент
© pexels.com

Қазақстанда қазанның бірінші жексенбісінде Ұстаздар күні атап өтіледі. Әдетте мерекеге орай ата-ана мұғалімдерге алғысын айтып, сыйлық бергісі келеді, алайда қандай сыйлық заңды екенін біле бермейді. Осы сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі заңгер Ғабит Өмірбектен сұрап білді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қазанның бірінші жексенбісінде Ұстаздар күні атап өтіледі. Әдетте мерекеге орай ата-ана мұғалімдерге алғысын айтып, сыйлық бергісі келеді, алайда қандай сыйлық заңды екенін біле бермейді. Осы сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі заңгер Ғабит Өмірбектен сұрап білді. 

Қазіргі таңда мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салынуы туралы мәселе жиі көтеріліп жүр. Заңгердің айтуынша, ел заңнамасына жүгінсек, мұғалімдер мемлекеттік қызметкерге жатпайды. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 366-бабы "Пара алудың" педагогтерге қатысы жоқ және олар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша субьектілер қатарына жатпайды.

"Алайда құттықтау тым асқақ болмауы да керек. Себебі олар қымбат сыйлық алғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылуы мүмкін. 

Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы бұйрығында бекітілген педагогикалық этика қағидалары бар, онда педагогтер білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалауға жол бермейді деп көрсетілген. Яғни, мұғалім сыйлық қабылдағаны үшін тәртіптік жазаға тартылады", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Ғабит Өмірбек көңіл бөлу, ризашылық белгісі ретінде кішігірім гүл шоғын ұсынуға болатынын және бұдан құнды сыйлық берудің қажеті жоғын айтып отыр. Осылайша маман мұғалімге 2 АЕК-ге (5 834 теңге) дейінгі сыйлықтарды қарастыруға кеңес берді.

"Ал мектеп директоры лауазымды тұлға болып есептеледі, яғни оның сыйлық алуы заң талаптарына қайшы жане сыйлықтың құнына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сыйлық құны 2 АЕК-тен аспаса, мектеп директоры әкімшілік тәртіппен қудаланады. Ал 2 АЕК-тен асып кетсе қылмыстық іс қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңда ол сыйды қабылдаған жағдайда, берген адамға 200 АЕК, ал директорға 600 АЕК айыппұл салынады", - дейді ол.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңның 50-бабына сәйкес, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдау мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Оған қоса, заңгердің сөзінше, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның 12-бабында мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар шектеулері қабылданған. Оның ішінде сыйлықтар қабылдаудан бас тарту керегі туралы жазлыған.

"Дегенмен, мұғалімдердің сыйлық алуы қылмыс болмаса да, бұндай әрекет қоғамда белгілі бір әділетсіздіктің орнауына алып келуі мүмкін. Мысалы, бір баланың ата-анасының сыйлық алуға жағдайы келеді, кейбір ата-ананың ондай мүмкіндігі жоқ. Салдарынан сыйлық сыйлаған балаға деген көзқарасы ерекше болып, өзге балалардың шектелуіне әкеп соғуы мүмкін.

Әрбір ата-ана өз отбасында балаларына ұстазды құрметтеуге үйретсе - мұғалімге ең қымбат сыйлық болатыны мәлім", - деді Ғабит Өмірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная