24 октября 2023 | 16:53

Заңсыз құрылыстың зардабы. Алматыда 80-нен аса жер үй сүрілмек

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Алматыда заңсыз құрылыстың салдарынан 80-нен аса баспана сүрілуі мүмкін. Жер алып, үй салу үшін аэропорттан рұқсат алған Қонаев тұтыну кооперативіндегі бұқара бас жоспардың өзгеріп кеткеніне наразы. Тұрғындардың сөзінше, қайта жоспарлау кезінде баспаналары қызыл сызық бойына өтіп кеткен. Әкімдік пен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан мардымды жауап ала алмаған бұқараның базынасын Massaget.kz тілшісі біліп қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz. Қонаев тұтыну кооперативінің тұрғындары наразылығын білдіріп

Реклама
Реклама

Бұл аумақта 2018 жылдан бері 130 жер телімі сатылыпты. Тұрғындардың әрқайсысы кемінде 10-15 миллион теңгеге жер сатып алған. Алғаш жерді сатып аларда көкейге күмән келтіретін олқылық болмапты.

Фото: Massaget.kz. Алексей Цапенко - Алматы қаласының тұрғыны

"Тұрығындар жерді кемі 10-15 миллион теңгеге сатып алған. Менің жер алып, үй салуыма бас аяғы 100 миллион теңге кетті. Үйімді сатып, қарыз алып қауғаланып салған баспанамнан бір күнде айырылғым келмейді. Заңсыз құрылыстың алдын алу үшін жиналып тұрмыз. Барлық тұрғындар қорқып қалды. Себебі мемлекет көп жағдайда адамдардың арызына назар салмайды. Біз үйімізді сатқымыз келмейді", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Алексей Цапенко.

Фото: Massaget.kz

Тұрғындар жер сатып аларда барлығы заңға сай Ж1, яғни тұрғын үй құрылысына арналған аумақ санатына кірген. Бірақ жаңа бас жоспарда барлығы басқаша. Сол себепті Михаил Колюгаев егжей-тегжейлі жоспарлауды қайта қарау керек деген ниетте.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная