"Зейнетақы 20 пайызға өседі". Желіде жалған ақпарат тарап жатыр

© Тұрар Қазанғапов

Желіде зейнетақыға қатысты хабарлама тарап жатыр. Онда зейнетақы мөлшері өсетіні айтылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

WhatApp мессенджерінде тараған хабарламада биыл 1 шілдеден бастап зейнетақы 20 пайызға өсетіні айтылған. 

"Осылайша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 2021 жылдың деңгейімен салыстырғанда 20 пайызға артады. Бұл барлық зейнеткерге немесе 2 миллионнан аса адамға қатысты", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. 

"Бұл - фейк. 1 шілдеден бастап зейнетақыны өсіру қарастырылмаған", - деді ведомство өкілдері. 

Министрлік баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 100 019 теңге. 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар. 

Tengrinews
Вопрос от автора
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама