ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ноября 2020 | 11:52
Зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеу ұсынылды
Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодеске (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.
Тиісті талқылаудан кейін сенаторлар заң жобасын қабылдады. Бұл мәселеге қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.
"Қазіргі таңда баспана алу, емделу сияқты қажеттіліктер үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұл - президентіміздің азаматтардың өтініштеріне байланысты берген нақты тапсырмасы.
Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керек екені белгілі. Оны қазіргідей кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейіз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді", - дейді Әшімбаев.
Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін қанша қазақстандық ала алады?
Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также