28 декабря 2020 | 18:41

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: шотты қалай ашу керек?

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алдын ала алу үшін қалай шот ашу керегі арнайы бейнероликпен көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алдын ала алу үшін қалай шот ашу керегі арнайы бейнероликпен көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ОКҚ-та өтіп жатқан брифингте зейнетақы қаражатының бір бөлігін мақсатты пайдалануға арналған бейнеролик жарияланды. Роликте "Отбасы банктің" жаңа клиенттеріне қалай шот ашу керегі көрсетілген. 

Реклама
Реклама

"Ол үшін біздің мобильді қосымшамызды жүктеп алуыңыз керек. Қосымшаның негізгі парақшасының төменгі жағында "Бірыңғай зейнетақы төлемі (БЗТ) үшін шот ашу" батырмасын басыңыз. Артынша ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз. Сіздің ұялы нөміріңізге SMS жіберіледі. Кодты жазыңыз. Келесі кезеңде ​​сканерлеу үшін жеке куәлігіңізді дайындаңыз. Жеке басыңызды растауыңыз қажет. Экранға қарап, бірнеше қарапайым тапсырманы орындаңыз.

Тексерістен кейін клиенттің анкетасындағы жеке деректерді толтырыңыз. Деректерді өзгерту туралы өтінімді, банктің БЗТ үшін шот ашудың стандартты шарттарын оқып шығыңыз. Сіздің нөміріңізге растау үшін SMS жіберіледі. Содан кейін Интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап табыңыз да, соны жазыңыз", - делінген видеороликте. 

Айта кетейік, бұған дейін зейнетақы жинағының бір бөлігін алдын ала алу механизмі қаңтарда дайын болатыны хабарланған еді. 

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған болатын.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная