15 сентября 2021 | 15:49

"Зияны жоқ". Қазақстанда жасанды жаңбыр технологиясы қалай қолданылады?

Қондырғы. Ашық жариялауға болатын материал

Кейінгі жылдары әлемде жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылып жүр. Енді бұл технология Қазақстанға да келді. Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясының бас директоры Алтай Айнабектің сөзінше, бұл технологияның алғашқы демонстрациялық жұмысы Маңғыстау облысында жасалмақ. Tengrinews.kz тілшісі жасанды жаңбыр жаудыру технологиясын Қазақстанға алып келген маманмен сөйлесті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі жылдары әлемде жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылып жүр. Енді бұл технология Қазақстанға да келді. Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясының бас директоры Алтай Айнабектің сөзінше, бұл технологияның алғашқы демонстрациялық жұмысы Маңғыстау облысында жасалмақ. Tengrinews.kz тілшісі жасанды жаңбыр жаудыру технологиясын Қазақстанға алып келген маманмен сөйлесті. 

Алтай Айнабек бүгінде әлемде атмосфералық ылғалдан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаудыру технологиясымен жұмыс істейтін компаниялар көп емес екенін айтады. 

"Әлемде соңғы уақытта халық санының өсуіне байланысты, одан бөлек, суды есепсіз пайдалануға байланысты су кризисі барын байқап келе жатырмыз. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін су тапшылығын көретін өңірлердің саны қатты өсетіндігі туралы БҰҰ-ның және су ресурстарын зерттеуші мамандарының жағымсыз болжамы барын барлығымызға аян. Атмосфералық ылғалдан жауын-шашын тудыру технологиясы. Бұл технологияның шығу тарихына келетін болсақ, өткен ғасырдың 80 жылдары ССРО кезеңінде Госгидрометте электрдің атмосфераға әсерін зерттейтін бөлім құрылып, біршама зерттеулерден кейін, бұл жолмен ауа райына әсер етуге болатыны туралы қорытындылар жасалған. Кеңес одағы тарағаннан кейін бұл ғылыми жобамен айналысқан мамандар әлемнің түкпір-түкпіріне кетіп, технологияны жақсартып, пайдаланысқа шығарады. Бүгінде бұл технологиямен жұмыс істейтін саусақпен санарлық қана компания бар", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысында келісімшарт жасап, оған қол қойылған.

"Биыл, қыркүйек айында технологияны Маңғыстауда орналастырып іске қосамыз. Одан кейін 4 маусым бойынша кезең-кезеңімен нәтижелерін алып, соңғы он жылдың орта есептік көрсеткішімен салыстырып, нәтижесін көрсетеміз. Бұл технологияны Маңғыстау облысында қолдану үшін бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбейді. Одан бөлек, мұндай технологиямен Қазақстан ешқашан жұмыс істемегендіктен демонстрациялық мақсатта жұмыс істейміз. Әкімшілік өз тарапынан жұмыс тобын құрып, технологияның қоршаған ортаға зияны жоғы туралы зерттеу жүргізеді. Жалпы жұмыс нәтижесін мемлекеттік органдар бақылайды", - дейді Алтай Айнабек. 

Маңғыстау облысында тамыздың 20-сынан бастап қондырғыларды орнатып, жаңбырды жаудырамыз деп жоспарлаған.

"Алайда келісімшартқа кеш тұрдық. Бірақ соған қарамастан қыркүйекте 20-25 аралығында қондырғыларды орнатамыз деп отырмыз. Қондырғының көп бөлшектері шетелден келеді, сол нәрсе бүгінде кішкене кедергілер жасап жатыр. Бірақ қыркүйектің соңында нәтижелерді көрсете бастаймыз деп ойлаймыз. Себебі нәтиже 2 сағат пен 15 күннің аралығында көрсетіледі. Мысалы бүгінде Ақтауда ылғал жоғары: бұлт бар, бірақ жаңбыр жаумай жатыр. Сол атмосфералық ылғалды конденсациялап, жинақтап жауын жаудыру әлдеқайда оңайырақ болады", - дейді Алтай Айнабек. 

Компания басшысы технологияны қолдануды ешқандай химиялық заттар қолданылмайтынын айтып өтті. 

"Тек табиғи процестерді қолданамыз. Бұл технология Қазақстанда бірінші рет сыналады. Тек жаңбыр жаудырып қоймай, сонымен қатар, бұлтты таратады. Қазақстанға дейін көптеген елде сынақтан өткен, оның ішінде: Біріккен Араб Әмірліктері, Жаңа Зеландия, Корея, Ресей, тағы да біршама елдерде. Бұл туралы республикалық "Қазгидромет" те хабардар. Бұған дейін Қазақстанда да компаниялар жасанды жаңбыр технологиясын қолданбақ болғанын білеміз. Бірақ олар химиялық жаңбыр жасамақ болған. Алайда химиялық жаңбыр өткен ғасырдың 1940 жылдары бастау алған технология", - дейді маман. 

Алтай Айнабектің сөзінше, бұл технология біраз елде патенттелген.

"Оның ішінде Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Жапония елдерінде патенттелген. Бұл азаматтық қолданыстағы технология болып есептеледі. Технологияның қоршаған ортаға, адам денсаулығына, байланыс құралдарына еш зияны, әсері жоқ. Мұны растайтын бельгиялық De Nayer зертханасының қорытындысы да бар. Бұл технологияны қолдануда ешқандай қауіп жоқ. Қандай жағдайда қауіп болатынын түсіндіре кетейін. Бұл технологияны азаматтық мақсатта пайдаланамыз деп айтып отырғанымыз бекер емес. Егер осы аналогтағы технология үлкен қуатпен жұмыс жасайтын болса, аномалиялық жауын болуы мүмкін, оның салдары белгілі. Сондықтан біздің қолданғалы отырған технология аз қуатпен жұмыс жасайды. Бұл халық үшін жұмыс істейтін технология. Сондықтан жұмсақ эффект беретін жағдайға келтіргенбіз", - дейді Алтай Айнабек. 

Оның сөзінше, технология Маңғыстауда сынақтан сәтті өтсе басқа өңірлермен де жұмыс істеу жоспарда бар. Қазірдің өзінде Өзбекстан, Пәкістанда да оны пайдалануға ұсыныс жасап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная