ПОДЕЛИТЬСЯ
10 марта 2020 | 09:43
Теңгенің құлдырауы: Досаев жағдайды түсіндірді
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдегі мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдегі мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 6 наурызда ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәмілеге келе алмаған.
"Ресей мұнайды өндіру мен төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы 8 наурызда әлемнің барлық өңірі үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельден 12 миллион баррельге дейін ұлғайтуға дайын екені туралы шешімін хабарлады", - деді ол үкімет отырысында.
Осы орайда ол бұл жағдай мұнайдың әлемдік бағасын айтарлықтай төмендетуге әкеп соққанын атап өтті.
"9 наурызда Brent маркалы мұнай бағанасы әлемдік нарықта 1 баррелі үшін 31-36,5 долларға саудаланды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендету 30 пайыздан асты. Осы жылдың 9 наурызда оффшорлық нарықтардағы рубльдің әлсіреуі мұнай бағасы құлдырауы аясында ең жоғарғы мәнде 1 доллар үшін 75,4 рубльге дейін немесе шамамен 10 пайызға тең болды", - деді Досаев.
Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар күрт қымбаттады. 9 наурызда Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382.05 теңгеге жетті. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также