15 июня 2021 | 10:49

"Ұлттық қордың түбі көрінуі мүмкін". Экономист картоп неге қымбаттағанын түсіндірді

Фото: Pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп қымбаттады. Экономист, GSB UIB директоры Мақсат Халықтың сөзінше, елде тек картоп емес, жалпы азық-түлік қымбаттағаны байқалады. Маман Tengrinews.kz тілшісіне картоптың қымбаттау себебі және жыл сайын мұның алдын алу үшін не істеу керегін түсіндіріп берді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп қымбаттады. Экономист, GSB UIB директоры Мақсат Халықтың сөзінше, елде тек картоп емес, жалпы азық-түлік қымбаттағаны байқалады. Маман Tengrinews.kz тілшісіне картоптың қымбаттау себебі және жыл сайын мұның алдын алу үшін не істеу керегін түсіндіріп берді.  

Мақсат Халықтың сөзінше, азық-түліктен бөлек, үйдің де, тауарлардың да бағасы өсіп жатыр. Оның барлығының бір себебі бар - айналымдағы тауарлар көлемі мен айналымдағы ақша массасының арасында теңгерім болуы керек. Бұл экономикада қарапайым заңдылық.

"Егер ақша массасы көбейіп кететін болса, қосымша тауар қызметтері жасалмайтын болса, онда сол тауарлардың бағасының өсімі инфляцияға алып келеді. Бұл негізгі себеп болып отыр. Егер қарапайым түрде қарайтын болсақ, Ұлттық банкте ақша массасының статистикасы жүреді. Былтырғы қазан бойынша ақша массасының көлеміне қарайтын болсақ, 24 триллион 180 миллиард теңге болған. Ал бүгінде 26 триллион 800 миллиард теңге болып тұр. Сонда 6-7 айдың ішінде ақша массасы 2,5 триллион теңгеден асып жығылды. Яғни ақша массасы артып жатыр. Оның негізгі себебі Ұлттық банк ақшаны қосымша басып шығарып жатыр деген сөз. Мұның барлығы, әрине, егер қосымша зауыттар мен фабрикалар, өндіріс ошақтары ашылып, елімізде қосымша өнімдер мен тауарлар шығарылмайынша олардың бағасы қымбаттай береді деген сөз", - дейді маман. 

Реклама
Реклама

Ал картоптың қымбаттауы себебіне келер болсақ, оған арнайы орталық бюджеттен өңірлерге қорлар құрылады екен.

"Сол процесс біздің елде дұрыс ұйымдастырылмаған. Сонымен қатар, алып-сатарлар үлкен роль ойнап отыр. Солар осы кезеңді пайдаланып, тауарларды қымбаттатып, мүмкіндігінше табыс тауып қалуды көздеп отыр. Әрине, мұндай жағдайда мемлекет араласып, бұл процесті реттей алады. Сондықтан қандай да бір баға келісімін әшкерелеуде, нарықта алып-сатарлар жүрсе үкімет үлкен роль атқарады. Ал жалпы тауарлар мен азық-түліктің қымбаттауын үкімет оңайлықпен шеше алмайды.

Еліміздегі ақша құнын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Әрине, бірінші кезекте халықтың жалақысын арттыру керек. Бұл негізгі мәселе, себебі бізде жалақы төмен, одан бөлек, еліміздегі ақшаның құнын арттыру мәселесін алға тартуымыз қажет. Оған Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын жүргізіп жатыр. Бірақ оған Ұлттық банктің ғана шамасы жетпейді. Үкіметтің де индустрияландыру бағдарламасы, экономиканы әртараптандыру елімізде нақты импортты алмастыра алатындай  тауарларды өндіру мәселесі күн тәртібінде. Осыларды қолға алған кезде ғана елдегі инфляция төмендейді. елімізде теңгенің, валютаның құны артады. Сонымен қатар, азаматтардың қолындағы қаражаты жұтамай, төлем қабілеті сақталады", - дейді экономист. 

Мақсат Халық баға өсуінің алдын алу үшін әкімдіктер мен мамандар не істегені дұрыс екенін түсіндірді. Оның сөзінше, бүгінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттамағаны дұрыс. Осы бағытта үкімет істеп отырған жұмысы белгілі бір дәрежеде дұрыс. 

"Халықтың жалақысы өспей тұр, біз ол тауарларды нарықтың еркін айналымына қоя алмаймыз. Егер олай істейтін болсақ ертең азаматтардың төлем қабілеті мүлде нашарлап, бізде кедейлер саны көбейіп кетеді. Ол әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін. Мемлекеттік бюджеттің шығынын қарар болсақ - ол 15 триллион теңге. Ал салық түсімі 8 триллионға да жетпейді. Тапшылықты Ұлттық қордан аударым жасау арқылы жауып отыр. Былтыр Ұлттық қордан 4,7 триллион теңге аударылса, биыл 3 триллион теңге аударылды. Бұл қаржының бәрін аудара беретін болса, Есеп комитеті өткен аптада атап өткеніндей, "Ұлттық қордың түбі көрінуі мүмкін", яғни шегіне жетіп қалды", - дейді экономист. 

Сондықтан жалпы ішкі өнімнің 30 пайызындай қор сақталуы керек. Себебі ол жойылуға ғана бет алады.

"Осы тұста үкіметтің ролі жоғары. Тағы бір маңызды мәселе Ұлттық банктің баспа машинасына баруы. Әрине, оған бармағаны дұрыс қой. Бірақ, амал жоқ, бюджет тапшылығын жабу керек, сондықтан Ұлттық банк оны басып шығарып отыр. Одан бөлек, сырттан қарыз алу мәселесі бар. Бүгінде үкіметтің қарызы артып отыр. Ол әрине, жақсы көрініс емес. Бірақ сыртқы қарыз бойынша тиімді шарт алдық, үкімет оны қазір қайтаруға міндеттелмейді. Кейінгі жылдарда қайтара бастайды және төмен пайызбен қайтарады. Әзірше осындай мүмкіндіктер бар. Бірақ ол қашанғы жалғаса береді? Ертең Ұлттық қордағы ақша таусылатын болса, ешқандай мемлекет, банк, қаржылық институт қарызға ақша бермейді.

Сондықтан бұл жердегі маңызды мәселе осы бюджет тапшылығын толтырып отырған нәрсеге бой алдырмай, мәселені шешуге болады. Ол көлеңкелі экономикамен күрес. Бүгінде көлеңкедегі қаражат үлесі былтыр жалпы ішкі өнімнің 30 пайызы болған. Биыл статистика жақсарған - 23 пайыз болды. Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, ол 50 пайызға да жетеді екен. Жалпы ішкі өнім 70 триллион теңге десек, 20 триллионға жуық қаражат көлеңкелі экономикада жатыр. Осы айналымдағы ақшаға тазалықты қамтамасыз етер болсақ, онда бюджет тапшылығы оңай жабылып, біраз мәселені шеше алатын едік. Үкімет жасауы керек тағы бір маңызды нәрсе - атап өткенімдей ақша құнын арттыру. Ол үшін елімізде импорттың орнын баса алатындай тауарларды өндіру процесін дұрыс жолға қоюымыз керек. Оған үкімет жауапты болса, Ұлттық банк таргеттеу саясатын ары қарай жалғастыруы қажет", - деп түсіндірді маман.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная