Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 июля 2019 13:22

41 градусқа дейін ыстық. Жоғары ауа температурасы кімдерге қауіпті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады. Шілденің аптабында далаға шығудың өзі қауіпті. Дәрігерлер де күн қатты ысыған кезде аса қажеттілік тумаса, үйден шықпауға кеңес береді. Tengrinews.kz тілшісі кардиолог, терапевт Айман Меңдіғалиқызынан ыстық қаншалықты қауіпті болуы мүмкін және қандай адамдарға күнге ұзақ уақыт күюге болмайтынын сұрап білді.


Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады. Шілденің аптабында далаға шығудың өзі қауіпті. Дәрігерлер де күн қатты ысыған кезде аса қажеттілік тумаса, үйден шықпауға кеңес береді. Tengrinews.kz тілшісі кардиолог, терапевт Айман Меңдіғалиқызынан ыстық қаншалықты қауіпті болуы мүмкін және қандай адамдарға күнге ұзақ уақыт күюге болмайтынын сұрап білді.

Дәрігердің айтуынша, бірінші кезекте жазда жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарға, артық салмағы бар және жүкті әйелдерге абай болу керек. Осы санаттағы адамдарда ағза ыстыққа шыдай алмай, қан ұйып кету қаупі көбірек дейді.

"30-32 градустан жоғары температурының өзі жүрек-қан тамырлары аурулары шалдыққандарға қауіп басымырақ. Олар тіпті бастан күн өтсе қиын жағдайға ұшырауы мүмкін. Осы диагноз қойылған жастар болсын, егде жастағы адамдар болсын, бұл өте қауіпті. Өзімен бірге дәрі-дәрмектерін алып жүрсе де, организм ыстыққа шыдай алмауы мүмкін. Сонымен қатар, аптапта далаға шығар алдында алкоголь ішетіндерге де қауіптің зор екенін айтқым келеді. Себебі ыстықта алкоголь ағзадағы барлық зиян заттектерді шығаруға ықпалын тигізеді де, организмге ауыр салмақ түсіреді. Тамырлар дене температурасын реттеу мақсатында бірде кеңейіп, бірде тарылады. Нәтижесінде жүрек пен ми бөлігінде қан айналымы дұрыс болмайды", - дейді дәрігер.

Кардиологтың айтуынша, жеткілікті мөлшерде су ішпейтіндердің организмі "кеуіп кетеді".

"Нәтижесінде қан қоюланып, қан қысымы көтеріледі де, тромб пайда болады. Бұл дегеніміз қан-тамырлары жүйесі ауруларының таралып, жас ерекшелігіне қарамастан, инфаркт пен инсультқа алып келуі мүмкін. Ал бүйрегі ауыратындарға аптапта аса көп су ішпеуге кеңес беремін. Ал қалған санаттағы адамдарға көбірек су ішуге кеңес беремін, себебі организм кеуіп кетуі мүмкін. Бірақ организмдегі ылғал мен су балансын сақтап отырған жөн", - деп кеңес береді маман.

Сондай-ақ, Айман Меңдіғалиқызы қатты ысып, бастан күн өткен кезде бірден мұздай немесе газдалған сусын ішуге болмайтынын ескертеді.

"Далаға шыққанда міндетті түрде өзіңмен бірге су алып жүруің керек. Бірақ ол мұздай болмауы қажет. Салқын су ішіп, организмнің термореттеу қызметін бұзып алу қаупі бар. Салдарынан тыныс демікпесі асқынып, өкпе қабынады (пневмония). Жазда оттегі жетіспеушілігі ерекше байқалады, сондықтан тыныс алу жүйесінің ауруларына шалдыққандар дем ала алмай қалуы мүмкін", - деп ескертеді терапевт.

Осы ретте маман кондиционер орнатылған бөлмеде көп отыратындардың пневмония сияқты ауруларға шалдығып, түрлі бактериялар мен зең ауруларын жұқтыруы мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты дәрігер кондиционерді жиі тазартып тұруға кеңес береді.

Күн өтіп кетудің алдын алу үшін мынаны есте сақтау қажет:

- Сағат 11.00-16.00 арасында күн астында ұзақ жүру қауіпті;
- Әрдайым баскиім киіп, ұзын жеңді киім киген жөн;
- Ағза күн астында ылғалды тез жоғалтады, тері тез құрғайды, сондықтан көбірек су ішу керек;
- Күннен  қорғайтын арнайы косметиканы пайдалану керек;
- Шөлді қандыру үшін кофе немесе газдалған сусын ішуге тыйым салынады;
- Көп тамақтанбаған жөн.

Еске салайық, дәрігер мұның алдында бастан күн өткенде не істеу керектігін айтып берген болатын. Маманның айтуынша, темекі, алкоголь және стресс күн өтіп кету қаупін жоғарылататын фактор болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Кондиционер тұрған жабық бөлме несімен қауіпті?

Дәрігер қазақстандықтардың аптап жайлы жаңсақ пікірлерін айтты

Жазда қандай аурулар көп тарайды - Дәрігерден кеңес

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети