ПОДЕЛИТЬСЯ
19 марта 2020 | 15:25
Әлем ғалымдары коронавирустың емін іздеп жатыр. Соңғы зерттеулерге шолу
Әлемді шарпыған коронавирустың әлі нақты емі жоқ. Бірақ түрлі елдің ғалымдары қазір аурудың вакцинасын іздеп жатыр. Сынақтан адамдар өтіп бастады, вирус емін ойын арқылы анықтау да ұсынылған. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы ғалымдар ұсынған соңғы вакциналарға шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемді шарпыған коронавирустың әлі нақты емі жоқ. Бірақ түрлі елдің ғалымдары қазір аурудың вакцинасын іздеп жатыр. Сынақтан адамдар өтіп бастады, вирус емін ойын арқылы анықтау да ұсынылған. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы ғалымдар ұсынған соңғы вакциналарға шолу жасады.
Эболаға қарсы пайдаланылған вакцина
Америкалық Небраска университетінің ғалымдары ақпанның соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны адамдарға тексеруді бастағанын хабарлаған.
Клиникалық сынақтан өткен алғашқы науқас - Diamond Princess лайнерінің америкалық жолаушысы. Бұл препарат бұрын басқа да вирустарға қарсы қолданылған екен. Бұған дейін оны Эболамен ауырғандарға пайдаланған.
"Бізге шұғыл түрде Covid-19 вирусына қарсы қауіпсіз және тиімді ем қажет. Коронавирусқа қарсы препарат кейбір жұқтырған науқастарға тағайындалғанына қарамастан, бізде оның клиникалық нәтижелерді жақсартатынын көрсететін сенімді деректер жоқ", - дейді сынақ жетекшілерінің бірі Энтони Фаучи.
Вакцинаны ойын ойнау арқылы табу
Мамырдың басында ғалымдар коронавирусқа қарсы тағы бір ұсыныс жасады. Дәлірек айтқанда, Вашингтон университетінің зерттеушілері вирусқа қарсы алғашқы вакцинаны жасап шығару үшін Foldit ғылыми ойынын жасаған.
Негізі бұл ойын 2008 жылы шыққан. Сол кезде оны құрастырғандар ойын симуляторы арқылы ЖИТС немесе Альцгеймер ауруына ем табуға болады деп күткен. Енді Foldit базасында жаңа симулятор пайда болды. Мұнда ойыншыларға адам организмін коронавирустан қорғауға қабілетті вирусқа қарсы ақуыз жасап шығу ұсынылады.
Ойынның мәні мынадай: ақуыз тізбектерін алып, оны түрі жолмен өзгерту, сол арқылы вирус жұқтырған ақуызға әсер ететін құрылым жасап шығу. Идеялар неғұрлым ұтымды және дәл болса, ойыншы соғұрлым көп ұпай алады.
Симулятор ең жақсы нұсқаларды іздеп, оны ғалымдарға жіберіп отырады. Ең жақсы жобалар сынақтан өтіп, шынайы өмірде жүзеге асыуы мүмкін. Ғалымдар коронавирусты осы жолмен жеңуге болатынын айтады. Себебі Foldit симуляторын әлемде 200 мыңға жуық адам ойнайды екен.
45 адам қатысатын зерттеу
Бірнеше күн бұрын АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастағаны хабарланды. Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық жағдайда адамдар арқылы сынақтан өткізе бастаған.
Ғалымдардың жоспары мынадай: Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research ғылыми институтының зерттеуіне 45 адам қатысады. Оларға бір ай бойы вакцинаның екі дозасы беріледі.
Алғашқы инъекция шағын технология компаниясында менеджер болып қызмет ететін ер адамға салынды. Вакцинаның нақты қашан дайын болатыны әзірге белгісіз.
© pixabay.com
Қытай ғалымдары тапқан вакцина
Ал кеше Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды. "Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Мұндай тұжырымды ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь жасады.
Қытай Денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, препаратты қабылдаған пациенттер тезірек емделіп, олардың өкпесі қалпына келіпті.
© Xinhua
Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і препарат қабылдаған. Төрт күннен кейін коронавирусқа тестілер теріс нәтиже көрсеткен, ал қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзелген. Тағы бір ұқсас зерттеу Ухан ауруханасында жүргізіліпті.
"Авиган" деген де атауы бар "Фавипиравирді" тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері 2014 жылдан бастап тіркелмеген, сол жылы оның сатылымы Жапонияда мақұлданған еді.
ДСҰ вакцинасы сынақтан өте бастады
Коронавирусқа қарсы соңғы вакциналардың бірін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да сынақтан өткізе бастады. Таяуда ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина сынамадан өте бастағанын мәлімдеген.
"Вакцинаның алғашқы сынамасы вирустың генетикалық жүйелілігі пайда болғаннан 60 күннен кейін ғана басталды. Біз зерттеушілерге тәжірибеден өткен дәрілерге жүйелі түрде баға беруді ұсынамыз", - деді ол.
ДСҰ басшысы мәлімдемесінде әлем вирусты жеңетініне сенетінін айтқан.
Показать комментарии
Читайте также