15 января 2019 | 12:45

Дәрігер инсульттің алғашқы белгілерін атады

© Тұрар Қазанғапов

Бүгінде өлім көрсеткіштері және адамдардың мүгедек болып қалу жағдайлары ішінен инсульт 2-орынға шықты. Статистика мәліметтеріне қарағанда, инсульт алғандардың 8 пайызы ғана қайта қалыпты өмір сүре алса, шамамен 20 пайызы өз бетінше жүре алмайды, ал 30 пайыздан астамына жақындарының күтімі мен көмегі қажет екен. Қан келуі тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ми жұмысын тоқтатады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде өлім көрсеткіштері және адамдардың мүгедек болып қалу жағдайлары ішінен инсульт 2-орынға шықты. Статистика мәліметтеріне қарағанда, инсульт алғандардың 8 пайызы ғана қайта қалыпты өмір сүре алса, шамамен 20 пайызы өз бетінше жүре алмайды, ал 30 пайыздан астамына жақындарының күтімі мен көмегі қажет екен. Қан келуі тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ми жұмысын тоқтатады.

Алматылық терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне инсульт ненің салдарынан болатыны, оның басты белгілері қандай екенін және қалай алдын алуға болатынын айтып берді. 
Реклама
Реклама

Дәрігер инсульттің алдын алу үшін бірінші кезекте гипертониялық ауруларды емдеу қажеттігін айтады.

"Инсульттің екі түрі кездеседі. Біріншісі - геморрагиялық, екіншісі - ишемиялық. Геморрагиялық инсульт артерияның жарылуында және миға қан құйылуында пайда болады. Аққан қан жағынан қысым мидың жасушаларын зақымдайды. Ал ишемиялық инсульт миға оттегіге қаныққан қанды жеткізетін артерияның бітелуінде пайда болады. Бітелу ишемиялық инсульттің де себебі - ұйысқан қан салдарынан болады", - дейді Оспанова.

Дәрігердің айтуынша, ишемиялық инсульт алған адам бұрынғы қалыпты өміріне орала алуы мүмкін. Дегенмен бар мәселе зақымданған жерге байланысты екен. Маман медициналық көмек дер кезінде көрсетілсе, толықтай емделіп шығу әбден мүмкін екенін айтады.

"Ал геморрагиялық инсульт өте қауіпті, бұл жағдайда адамның ми құрылысы қатты зақымданады. Амал не, мұндай кезде адам сал ауруына шалдығады - аяқ-қолы сал болып қалады. Яғни мұнда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, қатты зақымданады", - дейді терапевт.

Инсульттің басты белгілері:

- Бастың қатты ауыруы;
-  Естен тану;
- Бас айналуы;
- Тілдің байланып қалуы, беттің жансыздануы;
- Мұрын-ерін қатпары немесе бет симметриясының толықтай бұзылуы;
- Қан қысымының ұзақ уақыт жоғары болуы (қысым 160 болған жағдайда, тіпті кейде 140 болған кездерде).

Сондай-ақ, дәрігер инсульттің ненің салдарынан болатынын атап берді.

"Қазір адамдар қандағы холестерин деңгейіне назар аудармайды, дұрыс тамақтанбайды да. Ең бастысы қан қысымын бақылап жүрмейді - көбінің қан қысымы жоғары, бірақ олар мұны ескермейді. Оның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Бұдан бөлек, инсультқа варикоз, тромбофлебиттер (қан тамырларының ауруы), қан тамырларының әлсіздігі, холестерин деңгейінің жоғары болуы, жүрек және бауыр аурулары, қант диабеті сияқты аурулар себепкер болады", - деп ескертті Оспанова.


© pixabay.com

Осыған байланысты дәрігер кем дегенде жарты жылда бір рет дәрігерге көрінуге кеңес береді. Айтуынша, 40 жастан асқан адамдарда инсульт алу қаупі жоғары.

"Ең бастысы қан қысымының бірқалыпты болуын қадағалап, барлық созылмалы ауруыңызды емдеу қажет. Дәрігерге қаралып жүру міндетті. Гипертониялық ауруларды емдеу керек. Осылай ғана инсульттің алдын алуға болады", - деді Оспанова.

Инсульттен кейін қалпына келу үшін бірнеше апта, ай немесе жыл қажет болуы мүмкін. Кейбір адам толығымен сауығады, кейбірі мүгедек болып қалуы да мүмкін. Үнемі күтім жасап, медициналық оңалтудан өтіп, эмоционалдық қолдау қалыпқа келуге және инсульттің қайта пайда болуының алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ, медицинаға жүгінсек, инсульттен кейін мінезде де өзгерістер болады. Мысалы, көңіл-күй тез өзгеріп, салдарынан адам күйзеліске түсуі мүмкін екен.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная