04 декабря 2020 | 14:11

Дәрігер қашықтан жұмыс істегенде денсаулықты қалай күту керегін айтты

Камила Долаева Корреспондент
© elements.envato.com

Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың 15 жұлдызында республикада төтенше жағдай жариялаған кезде еліміздегі жұмыс орындарының көбі уақытша тоқтап, қызметкерлер қашықтан, үйден жұмысқа көшті. Содан бері, міне, 8 ай өтсе де, әлі күнге дейін жағдай бұрынғы қалпына келе қойған жоқ. Осыған байланысты Tengrinews.kz тікелей эфирінде терапевт Меруерт Бақыт қашықтан жұмыс істегенде денсаулықты қалай күту керегін айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың 15 жұлдызында республикада төтенше жағдай жариялаған кезде еліміздегі жұмыс орындарының көбі уақытша тоқтап, қызметкерлер қашықтан, үйден жұмысқа көшті. Содан бері, міне, 8 ай өтсе де, әлі күнге дейін жағдай бұрынғы қалпына келе қойған жоқ. Осыған байланысты Tengrinews.kz тікелей эфирінде терапевт Меруерт Бақыт қашықтан жұмыс істегенде денсаулықты қалай күту керегін айтып берді.

Таңғы ас ішу неге маңызды?
Реклама
Реклама

Дәрігердің айтуынша, адам ұйқыдан тұра салғанда оның жасушалары бірден оянбайды. Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын ағзаны, асқазан ішек жолдарын ояту қажет.

"Ол үшін таңертең кемінде бір стақан жылы су ішу керек. Ол ағзадағы артық заттарды шығаруға да көмектеседі. Кейін 30-40 минут өткен соң таңғы асқа кірісуге болады. Таңғы ас міндетті түрде пайдалы болуы керек, себебі ол жасушалардың қызметіне, жұмыс істеу қабілетімізді арттыруға, көңіл-күйімізді жақсартуға көмектеседі.

Ал пайдалы таңғы ас дегеніміз - жарма, ботқа, ол қарақұмық, сұлыдан болуы мүмкін, піскен жұмыртқа мен жеміс-жидектер. Үш негізгі тағам түрі осылар. Қосымша нан мен таза сары май жеуге болады. Көбіне артық салмақтан қорқатындар май жемеуге тырысады, бұл дұрыс емес, аз мөлшерінде болады, таңертең 20-30 грамм. Ол тыныс алу мүшелерінің қызметі мен ішек жолдарының жұмысын жақсартады және дәреттің дұрыс жүруіне көмектеседі", - дейді Меруерт Бақыт. 

Қашықтан жұмыс істеудің артықшылығы - бір жағынан уақыт үнемделеді, екінші жағынан артық шығын көп болмайды. Дегенмен, дәрігердің айтуынша, оның кері әсері де бар.

"Ең бірінші кезекте, көз жанарының әлсіреуі, яғни көздің құрғауы, көру қабілетінің төмендеуі, сондай-ақ, иық, мойын, арқа бұлшықеттерінің және тірек қимыл жүйесінің бұзылуы, бір орында қимылдамай отырып, аз қозғалғаннан туындайтын семіздік", - дейді ол.


©pixabay.com

Омыртқа ауруының үш себебі 

Омыртқаның арқасында біз тік тұрып, жүре аламыз. Ол негізгі тірек қызметін атқарады. Екінші қызметі - иілгіштігі мен серпімділігі. Үшінші қорғағыштық қызмет: омыртқа ішінде жұлын бар, одан бізге 12 жұп нерв талшықтары таралады, оны омыртқа қорғайды.

Терапевттің айтуынша, омыртқа тек сүйектерден емес, омыртқа аралық буындардан, шеміршектер мен бұлшықеттерден тұрады. Осының бәрі оның дұрыс қызметін қамтамасыз етеді.

Омыртқа үш түрлі кезде ауырады екен. Оның қандай екенін Меруерт Бақыт түсіндірді.

"Біріншісі - абайсыз, жылдам қимылдан, ауыр көтергеннен және суық тигеннен болады. Ол омытқаны байланыстыратын және оның жанындағы бұлшықеттердің ауырсынуымен сипатталады. Оны миозит немесе арқа бұлшықеттердің региттілігі я болмаса тырысып қалуы дейді.

Екіншісі - белгілі бір аурулардың нәтижесіндегі ауырсыну. Омытқа ауруларының ішінде ең жиі кездесетіні - остеохондроз, радикулит, диск жарығы, протрузия, артрит.

Үшіншісі - психосоматика. Ол дегеніміз - жағымсыз эмоциялардың, уайым мен күйзелістің, өз-өзін кінәлау әсерінен арқа мен белдің ауыруы. Бұл ағзада белігілі бір гормондардың бөлінуіне және бұлшықеттердің тырысуына әкеп соғады. Бұл рас, зерттелген ақпарат", - деді маман. 

Дәрігердің айтуынша, адам 25 жасқа дейін өседі, кейін ағза қартая береді. Алайда 15 жастағы бала мен йогамен айналысатын 70 жастағы қарттың омыртқасы бірдей болуы мүмкін. Оны үнемі жаттықтырып отыру керек, сол кезде омыртқа қартаймай, серпінділігін сақтайды екен. Меруерт Бақыттың айтуынша, омыртқа сүйектері 400 салмаққа дейін көтере алады. Алайда ол көтере алады екен деп, қолға ауыр заттарды алудың керегі жоқ. Оны тек жаттыққан адам істей алады. 

© pixabay.com

Иммунитет көтерудің қарапайым бес жолы

Дәрігер иммунитет көтерудің жолдарын да айтты. Ол дәрі-дәрмек, түрлі дәрумендерге жүгінбес бұрын қарапайым бес ережені ұстану керегін еске салды. 

"Ең алдымен дұрыс тамақтану, кемінде 7-8 сағат, жоқ дегенде 6 сағат ұйықтау, салауатты өмір салтын ұстану, яғни спорт, көп қимылдау, көтеріңкі көңіл-күй, күйзелістен аулақ болу және бесіншісі, дәрігерге қаралып отыру, созылмалы ауруларды қабындырып алмау", - дейді маман. 

Меруерт Бақыт компьютер алдында отырғанда жасауға болатын көзге және омыртқаға арналған жаттығуларды да көрсетті. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар:

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная