Дәрігер Қазақстанда қандай жағдайда жыныс ауыстыруға рұқсат берілетінін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін 7 арнадағы "Жыныс ауыстырғым келеді" тақырыбы талқыланды. Бағдарламаның қонағы болған жігіт өзін "Лола" деп таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Жыныс ауыстырғым келеді" тақырыбы талқыланды. Бағдарламаның қонағы болған жігіт өзін "Лола" деп таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лоланың жасы 22-де. Ол өзін қыз бала болып тууым керек еді деп есептейді. Ер адам болып дүниеге келгенін қателік санайды. Оның айтуынша, қазіргі қоғамда адамдар тым қатігез, әрі тасжүрек. Ерекше біткен нәзік жанды еркектің достары да жоқтың қасы. Себебі оны ешкімде түсінген емес, түсінбейді де екен.

"Әкем де, анам да бар, үйдің кенжесімін. Жиырма жасымда ата-анама айттым, бірақ олар мені түсінбеді. Мен бала кезден өзімді жігіт сезінген емеспін. Бірінші сыныптан бастап қыз болғым келетінін аңғардым", - дейді ол.

Әкеңізбен қандай қарым-қатынастасыз деген сұраққа Лола жауап беруден бас тартты.  

Бағдарламаға арнайы шақыртылған сексолог Дәурен Дүйсенов операция жасауға рұқсат етілмеген жағдайларды баяндады. Сондай-ақ, қазақстанда осы жағдайға байланысты сирек квота бөлінеді, алайда ол квота бойынша операция жасалмайтынын айтты.

"Табиғатынан нәресте екі жынысты болуы мүмкін. Мұны ғылымда гермафродитизм деп атайды. Мұндай жағдайда балаға бір жынысты қылу үшін ота жасалмайды, себебі бұл оның өміріне қауіпті. Бұл әрине сирек кездесетін жағдай", - дейді Дәурен Дүйсенов. 

"Ота жасау үшін қомақты қаражат керек. Ота жасалғаннан кейін де адам сол өмірге бейімделуі үшін үш жылдай уақыт кетеді. Негізінде көп адамдар отаны шет мемлекеттерде жасайды", - дейді ол. 

Бағдарламаның тағы бір қонағы Лолаға "Сенің бұл әрекетіңе достарың, ата-анаң, туыстарың да қарсы екен. Бұған заң да, дініміз де қарсы. Психолог мамандар да мұны ауытқу деп айтып жатыр. Соның өзінде не себепті сен өз дегеніңнен қайтпайсың?" деген сұрақ қойды. Лола болса "бұл - менің өмірім" деп жауап берді.  

Бағдарламаға қоңырау шалған 26 жастағы Камилла есімді қыз Лола секілді адамдарға қолдау білдіретінін және кінә артуға болмайтынын айтып, олардың осы қалыпта дүниеге келгеніне ешкім кінәлі еместігін айтады.  

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 519.58  course up  609.87  course down  6.64  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 24
Астана 19
Актау 27
Актобе 22
Атырау 27
Б
Балхаш 23
Ж
Жезказган 18
К
Караганда 16
Кокшетау 17
Костанай 26
Кызылорда 17
П
Павлодар 16
Петропавловск 18
С
Семей 22
Т
Талдыкорган 27
Тараз 30
Туркестан 22
У
Уральск 16
Усть-Каменогорск 29
Ш
Шымкент 26

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer