ПОДЕЛИТЬСЯ
10 июля 2020 | 17:50
Дәрігер коронавирус инфекциясы өкпені қалай зақымдайтынын түсіндірді
Жоғары санаттағы пульмонолог Наталья Латыпова "коронавирус пневмониясы" терминін қолданбауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғары санаттағы пульмонолог Наталья Латыпова "коронавирус пневмониясы" терминін қолданбауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ол коронавирус инфекциясы өкпені қалай зақымдайтынын түсіндірді.
"Біріншіден, бұл коронавирус инфекциясының өкпені зақымдауда айырмашылығы бар. Екіншіден, аурудың клиникалық ағымының ерекшелігінің болуы. Яғни коронавирус инфекциясы кезінде аурудың кезеңдері болады. Үшіншіден, ауруды емдеудің ерекшелігі бар. Ол клиникалық нұсқаларға байланысты", - деді медицина ғылымдарының докторы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Наталья Латыпова "коронавирус пневмониясы" терминін қолданбауға шақырды.
"Коронавирус пневмониясы" деген термин сәтті емес шығар. Неге? Себебі, коронавирус инфекциясының төменгі тыныс алу жолдарын зақымдау белгілері бактериялық пневмониядан айтарлықтай ерекшеленеді. Біз бактериялар пневмонияның инфекциялық агенттері екенін білеміз. Коронавирус инфекциясы төменгі тыныс алу жолдарын зақымдаған кезде не болады? Коронавирус жоғары тыныс алу эпителийі арқылы ағзаға енеді. Вирус абелярлық эпителийге ұмтылады. Бұл - төменгі тыныс жолдары", - деді Астана медицина университеті отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі.
Дәрігер коронавирус инфекциясы ағзаға қалай енетініне тоқталды.
"Вирустың ағзаға енуінің екінші жолы - асқазан-ішек жолы эпителийі. Бұл өте сирек кездеседі. Сондықтан төменгі тыныс жолдарының қабынуы коронавирус инфекциясына тән болып саналады. Алайда осыған дейін біз білетін бір-бірде инфекция төменгі тыныс жолдарына мұндай "құмарлық" танытпаған. Мұндай жағдайда өкпенің зақымдану жиілігі тұмау, қызылша ауруларымен салыстыруға келмейді", - дейді ол.
Сонымен қатар, вирустық пневмония адамның ағзасына ауыр салмақ түсіретінін атап өтті.
"Коронавирус инфекциясы өкпені зақымдаған кезде төменгі тыныс алу жолдарында ірің пайда болмайды. Өкпе жасушасының қабыну элементтері пайда болады. Екінші белгісі, тамырлар жаппай зақымданады, гиперкоагуляция дамиды. Сондықтан коронавирус инфекциясының өкпені зақымдауы екі жақты пневмонияға тән. Бұл өзгерістер өкпеге әсер етеді. Өкпенің зақымдануы бактериалды пневмонияға қарағанда жоғары", - деді Наталья Латыпова.
Оның айтуынша, әлемде мамандар "коронавирус пневмониясы" терминін қолданыстан алып тастауды ұсынып отыр.
"Олар "өкпенің вирустық зақымдануы", "төменгі тыныс жолдарының зақымдануы" деген нұсқаларды ұсынып отыр", - деп түйіндеді сөзін дәрігер.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 54 747-ге жетті. 31 815 науқас дертінен айықты, 280 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также