13 июля 2020 | 16:32

Дәрігер пневмония кезінде не істеуге болмайтынын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: avestnik.kz

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова вирустық пневмониямен ауырған кезде антибиотиктерді шектен тыс қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова вирустық пневмониямен ауырған кезде антибиотиктерді шектен тыс қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мүмкіндікті пайдаланып айтып қалайын. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді. Антибиотиктер - вирустың көбейіп кетпеуіне жол бермейтін препараттар. Себебі, COVID-19 - вирустық ауру. Сондықтан антибиотиктерді тағайындаудың мәні жоқ. Әсіресе, профилактикалық мақсатта", - дейді профессор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Осы орайда Сәуле Қасенова науқастар қандай дәрілерді пайдаланып жатқанына тоқталды.

"Олар антибиотиктерді пайдаланып жатыр екен. Себебі, олар бір жерден естіген немесе біреу айтқан. Кеше маған бір науқас келді. Ол антибиоктің 2 түрін қабылдап жүр екен. Науқас дәрілерді белгілі бір әдіспен ішіп, оны қайталаған. Мұны істеудің қажеті жоқ. Өйткені, бауырыңызға артық салмақ түседі", - дейді медицина ғылымдарының докторы.

Дәрігер пневмония кезінде антибиотиктерді шектен тыс қабылдамауға кеңес берді.

"Дәрігер ретінде айтайын, атипиялық пневмонияны антибиотиктермен емдеу дұрыс емес. Оны ішудің қажеті жоқ. Антибиоктермен емдеуге басымдық беруге болмайды. Вирустық пневмонияны емдеудің бұл әдісі сізді дерттен айықтырмайды. Егер сізге антибиотик тағайындау қажеттілігі туындаса, оны дәрігер-терапевт немесе пульмонолог-дәрігер шешеді. Оның арнайы көрсеткіштері бар", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы пневмониямен ауырған науқастарда неге демікпе пайда болатынын түсіндірген еді.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас жазылды, 375 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная