ПОДЕЛИТЬСЯ
21 июля 2020 | 14:27
Дәрігер созылмалы ауруы бар науқастарға кеңес берді
Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин созылмалы ауруы бар науқастарға уақытында медициналық тексерістен өтуге кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин созылмалы ауруы бар науқастарға уақытында медициналық тексерістен өтуге кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ол аурухана коронавирус жұқтырған, пневмониясы бар ересектерді де емдеп жатқанын атап өтті.
"Біздің аурухана балалар ауруханасы болғанына қарамастан, наурыз айынын бері коронавирусқа қарсы күрес жүргізіп жатыр. Ауруханамыз 240 орынға шақталған. Қазіргі таңда балалар мен ересектерді емдеп жатырмыз", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ержан Сералин қала тұрғындарына антикоагулянт сияқты ауыр дәріні үйде қабылдамауға кеңес берді. Ол созылмалы ауруы бар науқастарға уақытында дәрігерге баруға кеңес берді.
"Тағы бір мәселе бар. Ол науқастардың созылмалы ауруларын уақытында дұрыс емдемеуге байланысты. Мысалы, жүрек-қан тамыр аурулары, бронх, өкпе аурулары. Көп адам емханаға уақытында бармайды. Бір дәріні 10-15 жыл бойы дозасын өзгертпей, басқа дәріні қабылдамай, ұзақ уақыт іше береді. Салдарынан қосымша мәселе туындайды. Сондықтан Алматы қаласының тұрғындарына уақытында емханаға барып, медициналық тексерістен өтуге кеңес беремін. Бұл бізге үлкен көмек болар еді", - деді бас дәрігер.
Айта кетейік, Алматыда 9 394 адам COVID-19 жұқтырды. 5 667 науқас жазылды, 73 адам қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 45 376 науқас айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также