ПОДЕЛИТЬСЯ
18 апреля 2019 | 16:36
Елімізде 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында семіздік белең алып барады
Бүгінде, статистикаға сүйенсек, қазақстандық балалардың 20 пайызы cеміздіктен зардап шегеді. Семіздік деген қауіпті естілмегенімен, дәрігерлер бүгінде бұл мәселеге дабыл қағып жатыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметіне сенсек, 2025 жылға қарай семіздіктен зардап шеккен балалардың саны әлем бойынша 70 миллион адамға жетуі мүмкін. Дәрігерлер мұны XXI ғасырдың дерті деп отыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде, статистикаға сүйенсек, қазақстандық балалардың 20 пайызы cеміздіктен зардап шегеді. Семіздік деген қауіпті естілмегенімен, дәрігерлер бүгінде бұл мәселеге дабыл қағып жатыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметіне сенсек, 2025 жылға қарай семіздіктен зардап шеккен балалардың саны әлем бойынша 70 миллион адамға жетуі мүмкін. Дәрігерлер мұны XXI ғасырдың дерті деп отыр.
Осы қауіптің алдын алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісі терапевт-кардиолог Лейла Оспановадан балалар семіздігінің қаншалықты қауіпті және оның тағы қандай дерттерді тудыруы мүмкін екені, сондай-ақ, семіздіктің басты белгілері жайлы сұрап білді.
Дәрігердің айтуынша, бұрындары семіздікке 40 жастан асқандар мен бірнеше бала босанғандар шалдықса, бүгінде бұл дерт көбіне 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдерде кездеседі.
"Медицинада семіздікті метаболикалық синдром деп атайды. Ол өте қауіпті. Метаболикалық синдромға шалдыққан адамның ағзасында метаболикалық, гормонды және клиникалық бұзылыстар байқалады. Яғни семіздік жалғыз жүрмейді, онда бірден бірнеше ауру пайда болады. Бұрын семіздік деген тек 40-тан асқан және бірнеше бала босанған келіншектерде ғана кездесетін, бірақ қазіргі уақытта бұл дерт жастар арасында, әсіресе, оқушылар арасында белең алып жатыр", - дейді терапевт.
Сондай-ақ, дәрігер семіздікке шалдыққан баланың ата-анасының көбі мұны генетикамен байланыстыратанын айтады.
"Иә, балаға семіздік көбіне тұқымнан келеді. Бірақ ата-анасы артық салмақтан зардап шексе, баласы да міндетті түрде дәл сондай семіздікке шалдығады дегенді білдірмейді. Семіздік негізінен ағзадағы алмасу процестерінің қалай өтетініне байланысты пайда болады. Мысалы, отбасында ата-анасының екеуі де семіздіктен зардап шексе, балада артық салмақтың болу қаупі 80 пайызға тең. Ал ата-ананың тек біреуінде, мысалы анасында ғана артық салмақ байқалса, баланың семіздікке шалдығу қаупі - 50 пайыз, ал әкесі осы дерттен зардап шексе, баланың семіздікке ұшырау қаупі тек 35-40 пайыз", - дейді дәрігер.
Дәрігер генетикадан басқа, оған басты себеп дұрыс тамақтанбау бен физикалық жүктеменің аз болуы екенін айтады.
"Бірінші кезекте, әрине, дұрыс тамақтанбау. Фаст фуд пен тәтті сусындарды шамадан тыс пайдалану. Жалпы бұл дерт бізге шетелден келіп отыр. Дегенмен Қазақстанда семіздікпен күресу әлі кеш емес. Бастысы - ата-ана балаға қолдау білдіруі тиіс. Осы проблеманы шешуде ата-ананың рөлі өте зор. Олар семіздіктің қандай дерттерге шалдықтыратынын түсінуі қажет. Метаболикалық синдром гипертония, қант диабеті, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, холецистит, панкреатит, өтте тастың пайда болуына әкелуі мүмкін. Айта кету керек, бүгінде қант диабетіне шалдыққан балаларды емдеу өте күрделі болып кетті", - дейді Лейла Оспанова.
Осы ретте дәрігер мына белгілерге назар аударуға кеңес береді:
- тою сезімінің болмауы;
- енжарлық;
- түнгі уақытта тәбеттің пайда болуы;
- ұйқының бұзылуы немесе керісінше ұйқышылдық
- ешбір физикалық жүктемесіз ентігу;
- буындардағы ауырсыну-жамбас, тізе, тізе-аяқ басы буындарында.
Осы белгілер байқалған жағдайда маман дәрігерге көрінуге кеңес береді. Ал егер де артық салмақ бар-жоғын анықтау қажет болса, дәрігерге бармас бұрын дене массасының индексін есептеуге болатынын айтады. Яғни дене массасының бойына қатынасының дәрежесін анықтауға болады. Дәрігердің айтуынша, дене массасы индексінің көрсеткіші 30-дан асса, бала семіздікке шалдықты деген сөз.
Оспанова бұл диагноз расталған жағдайда, бірақ диета мен физикалық белсенділік көмектеспесе, арнайы дәрі-дәрмектерді немесе электрофизиологиялық терапияларды қабылдауға болатынын айтады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также