"Жасыл дәрі жағу міндетті". Желшешек туралы қазақстандықтардың 5 қате түсінігі

16 Шілде, 09:31
0
"Жасыл дәрі жағу міндетті". Желшешек туралы қазақстандықтардың 5 қате түсінігі - Көрнекі сурет. © pixabay.com
Көрнекі сурет. © pixabay.com

Желшешек (varicella немесе ветряная оспа) - тез таралатын ауру. Себебі инфекцияны қабылдау өте тез жүреді. Қазақстандықтар желшешекті емдеу шараларын дұрыс қолданып жүр ме? Сондай-ақ, желшешекке қатысты сіз білмейтін қандай деректер бар? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі педиатр маман Марина Головенкодан сұрап білді. 

Желшешек туралы қазақстандықтардың сенетін 5 қате түсінігі:

 ✖ Желшешек - қауіпсіз ауру

Маманның айтуы бойынша, желшешектің деңгейін дер кезінде анықтамаса, соңы өлімге алып келуі мүмкін. Ол аурудың клиникалық түріне байланысты. Желшешек адамның сыртына ғана емес, бауыр, өкпе секілді ішкі ағзаларына шығуы мүмкін. Бұл аурудың висцералдық түрі. Желшешектің келесі бір түрінде, жарақаттың қабында лимфа емес, қан ұюы мүмкін. Бұл геморрагиялық, яғни қанағыш түрі. Аурудың мұндай түрінде адамның қайтыс болу қаупі жоғары. Желшешектің энцефалит яғни мидың қабынуы түріндегі асқынулар да болуы мүмкін. Ол да аурудың ауыр түрі болып саналады. 

✖ Желшешекпен ауырған кезде суға түсуге болмайды

Ешқандай ауыр әрекеттерсіз суды пайдалануға болады. Алайда науқастың қызуы көтеріліп тұрса түсуге болмайды. 

✖ Желшешекке қарсы екпе жоқ

Желшешекке қарсы екпелер бар. Бірақ әлемнің ешбір елінде ол міндетті негізде енгізілмеген. Біздің елімізде екпені вакциналық орталықтарда салдыруға болады. Алайда бұл екпелерден кейін иммунитет 5 жыл бойына тұрақсыз болады. Науқас желшешекпен толық ауырып болғаннан кейін ғана организм тұрақталады.

✖ Ем-домы жоқ, тек жасыл дәрі (зеленка) жағып емдеу керек

Жасыл дәрімен емдемейді. Желшешектің ауыр түрлерін дәрігер жазып берген дәрілермен емдейді.

"Мұндай жағдайларда көбіне "Ацикловир" көмектеседі. Аурудың жеңіл және орташа түрлерінде бұл дәріні қолданып қажеті жоқ. Себебі, белсенді иммундық әрекет қалыптаспай қалады", - дейді маман. 

✖ Адам желшешекпен өмірінде 1 рет қана ауырады

Егер науқас бірінші рет ауырған кезде желшешектің нормаларына сәйкес қызуы көтеріліп, әлсіреп ауыратын болса, онда бұл аурудың қайталану ықтималдығы аз. Ал егер алғаш ауырған кезде ауру кезеңі оңай өтіп, жаралар жеңіл болатын болса, адамның бір емес, бірнеше рет ауыруы әбден мүмкін. Негізгі қауіп - аяғы ауыр келіншектерге түседі. Ауру белгісі байқалған жағдайда өздігінен емделуге болмайды. Сондықтан, желшешекпен жүктілікке дейін ауырған дұрыс. Сонымен қатар, бұл аурумен балалық шақта ауырған әлдеқайда дұрыс. Себебі, сәбилердің организмі ересектердікіне қарағанда ауруды жеңіл қабылдап, тез сауығуына ықпал етеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц