Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 мая 2019 23:05

"Жүйке тозып, жады нашарлайды". Склероздың біз білмейтін қаупі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: medikforum.ru Сурет: medikforum.ru

Жүйке тозып, көздің көруі, жады нашарласа, күнде әлсіреп, ауырсыну сезсеңіз, бұл склероздың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Бүгін - Халықаралық шашыраңқы склерозбен күрес күні. Tengrinews.kz тілшісіне невролог, профессор Бекмұрат Райымқұлов бұл аурудың қаупі, симптомдары мен пайда болу себептерін түсіндіріп берді. 


Жүйке тозып, көздің көруі, жады нашарласа, күнде әлсіреп, ауырсыну сезсеңіз, бұл склероздың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Бүгін - Халықаралық шашыраңқы склерозбен күрес күні. Tengrinews.kz тілшісіне невролог, профессор Бекмұрат Райымқұлов бұл аурудың қаупі, симптомдары мен пайда болу себептерін түсіндіріп берді. 

Шашыраңқы склероз - созылмалы аутоиммундық ауру, ми мен жұлынды зақымдайды, ауру кезінде жүйке тіні бұзылады. Шашыраңқы склероз кең таралған ауру түрі, оған 15-40 жас аралығындағылар шалдығады. Біз әдетте склероз деп қартайғанда жадының нашарлауын айтамыз, десе де "шашыраңқы склероздың" оған еш қатысы жоқ. 

Невролог Бекмұрат Райымқұловтың айтуынша, шашыраңқы склероздың клиникалық көрінісі өте кең және оның алғашқы белгілері әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Себебі ол белгілі бір мүше немесе жүйенің өзгеріске ұшырауынан пайда болады. 

"Ерте кезеңдерде ауру белгілері болмауы мүмкін. Себебі жүйке талшықтарының аз ғана бөлігі зақымданса, сау ағза олардың функциясын толығымен орындап отырады. Десе де, патологиялық процестің таралуы кезінде неврологиялық симптомдар да пайда болады. Барлығы науқастың ми тінінің зақымдану орны мен дәрежесіне байланысты. 

Бастапқыда ауру белгілері тұрақсыз болады. Симптомдар пайда болып, біраз уақыт сақталып, кейін жоғалып кетуі мүмкін. Кейде уақыт өте ағза жиі дабыл қағып, ауырсыну күшейе түседі. Функционалдық өзгерістер жүйке импульстерінің өтуіне кедергі келтіретін тыртықтардың орналасу жеріне байланысты", - дейді дәрігер. 

Алғашқы белгілері қандай?

Науқастар көбіне дәрігерге мынадай белгілермен келеді екен: 

- Себепсіз шаршау;
- Әлсіздік;
- Көру қабілетінің нашарлауы, көз немесе бет жүйкелерінің ішінара немесе толық сал болуып қалуы
- Шаншу сезу
- Тремор немесе аяқ-қолдағы діріл;
- Бұлшық ет әлсіздігі;
- Жүргенде шайқалу, бастың айналуы, тепе-теңдікті сақтай алмау
- 60 пайыз науқастың сезімталдығы төмендейді;
-  Несеп шығару жүйесі бұзылады
- Жыныстық функция нашарлайды
- Бастапқы кезеңдерде көңіл-күй құбылмалы болады, адам ұрысқақ бола бастайды, кейін күйзеліс, интеллект төмендейді
- Эйфория
- Кей науқастардың басы, арқасы мен аяқ-қолы ауыруы мүмкін. 

Дәрігердің айтуынша, шашыраңқы склерозбен әйелдер көбірек аурады. Бірақ ер адамдар оның тез дамитын қауіпті формасына шалдығады екен.

Дерттің пайда болу себебі

"Нәтижесінде мұның барлығы жартылай немесе толық сал ауруына әкеледі. Шашыраңқы склероздың пайда болу себептері нақты анықталмаған. Қазіргі таңда заманауи медицинаның ең маңызды мәселелерінің бірі бұл дертті емдеу. Себебі ауруды толығымен емдейтін дәрі-дәрмектер жоқ. Терапия патология асқынуының алдын алуға, оның неврологиялық симптомдарын тоқтатуға және иммунитетті нығайтуға бағытталған", - дейді дәрігер.

Райымқұловтың айтуынша, дертке алып келетін негізгі себептер - иммундық жүйе жұмысындағы кедергілер, вирустық және бактериялық аурулар, генетикалық бейімділік, Д дәруменінің жетіспеушілігі, күшті стресстер; бас, арқа жарақаттары, өзін физикалық және психикалық шамадан тыс қинау; тағамда мал майлары мен ақуыздардың басым болуы, химикаттардың әсері.

Шашыраңқы склероздың алдын алу

Невролог аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, стресстен аулақ болу керек дейді.

"Сонымен қатар, өзіңді тым қинамау, спортпен үнемі шұғылдану, ішімдік ішпеу, шылым шекпеу, гормонал контрацептивтерді пайдаланбау, салмақты қалыпқа келтіру, үнемі ем қабылдап, дәрігерге қаралып жүру, массаж, жүзу, йогамен айналысу, медитация жасау керек", - дейді ол. Дәрігер жоғарыда жазылған белгілер байқалса, неврологқа тексерілуге кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети