ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сентября 2020 | 16:18
"Кәріз жүйесі арқылы да тарайды". Коронавирус туралы қандай тың деректер шықты?
Соңғы уақытта коронавирус туралы ерекше жаңалықтар шығып жатыр. Мысалы, Бразилия тұрғыны COVID-19 жұқтырған соң бес ай бойы емделген. Ал қытайлықтар коронавирустың канализация арқылы да тарайтынын мәлімдеп отыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус туралы соңғы уақыттағы ерекше жаңалықтар туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соңғы уақытта коронавирус туралы ерекше жаңалықтар шығып жатыр. Мысалы, Бразилия тұрғыны COVID-19 жұқтырған соң бес ай бойы емделген. Ал қытайлықтар коронавирустың канализация арқылы да тарайтынын мәлімдеп отыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус туралы соңғы уақыттағы ерекше жаңалықтар туралы баяндайды.
Коронавирус бес ай бойы кетпеген
News газетінің мәліметінше, Рио-де-Жанейро Федералды университетіндегі (Бразилия) молекулалық вирусология зертханасы коронавирус жұқтырып, 152 күн бойы емделген науқас туралы мәлімдеді.
"Бұл - вирус жұқтырып, дүние жүзінде құжатталған ең ұзаққа созылған ауру, ол симптомсыз аурудың пандемияның таралуында қандай рөл атқаратынын көрсетеді", - деп жазады газет.
Жасырын қалғысы келген әйел денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейді. Науқаста вирус симптомдары наурызда байқалған, артынша ауруы симптомсыз өткен. Осы уақыттың ішінде науқас вирусты басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін екені айтылады.
Аурумен күрес кезінде әйел үйдегі карантинде болған. Аурудан жазылған соң, жұмысына оралған.
Бұл - вирусты бес ай бойы жеңе алмаған алғашқы жайт. Бұған дейін Ұлыбритания тұрғыны COVID-19 жұқтырып, аурудан төрт айдан аса, 130 күн бойы емделген болатын.
Коронавирус қайта жұғуы мүмкін
Коронавирус адамға екінші рет жұғуы мүмкін. 24 тамызда Гонконг университетінің зерттеушілері COVID-19-ды қайтадан жұқтыру дерегі анықталғанын растады. Мамандардың мәліметінше, 33 жастағы ІТ маманы сәуірде коронавирустан айыққан, алайда тамыздың басында Испаниядан келіп, тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
Бастапқыда дәрігерлер ер адам вирусты қайтадан жұқтырды ма әлде инфекция бұған дейін де оның организмінде болған ба - түсіне алмаған. Алайда мамандардың сөзінше, вирус штаммдары әртүрлі болған.
"Көбі коронавирустан айыққан науқаста вирусты қайтадан жұқтыруға қарсы иммунитет қалыптасады деп есептейді. Алайда кей науқаста қалыптасатын антидененің мөлшері біраз айдан кейін төмендейтінінің дәлелдері бар", - дейді ғалымдар.
© Reuters
25 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Гонконгтегі жағдайға түсініктеме берді. Ресми өкілі Маргарет Харристың сөзінше, COVID-19-ды қайтадан жұқтыру дерегі кездеседі, алайда ол өте сирек жағдайда анықталады екен.
Негізі коронавирусты қайта жұқтыру туралы бұрыннан айтылып келе жатыр. Мысалы, 15 мамырда Ресейде осындай жағдай болған. 21 сәуірде науқас тапсырған тесттің екеуі де теріс нәтиже көрсеткен. Алайда 16 күннен кейін ЖРВИ белгілері пайда болған. Қайтадан тесттен өткен науқастан коронавирус инфекциясы анықталып, оны қайтадан ауруханаға жатқызған. Алайда мамандар бұл вирусты қайтадан жұқтыру ма, әлде инфекцияның қайталануы ма - нақтысын анықтай алмаған.
Ерекше тағы бір симптом анықталды
Таяуда коронавирустың ерекше симптомы туралы ақпарат шықты. The American Journal of Emergency Medicine журналында жарияланған зерттеу бойынша, коронавирустың ерекше симптомы үздіксіз ықылық болуы мүмкін.
Медициналық журналда коронавирус жұқтырған 62 жастағы чикаголық науқастың симптомы туралы жазылған.
Ер адам сәуірде ауруханаға барған, сонда ол төрт күні бойы ықылық кетпей жүргенін айтқан. Алайда одан коронавирустың әдеттегі белгілері, яғни, жөтел, дене қызуы, кеудедегі ауырсыну және ентігу болмаған.
© Reuters
Науқастың сынақтары оң нәтиже көрсеткен, ал өкпенің қарайғаны анықталған. Оның түрлі созылмалы аурулары - қант диабеті, гипертония және жүректің ишемиялық ауруы болған.
Мақала авторлары бұл коронавирус жұқтырған науқастан осындай симптомдар байқалған алғашқы жағдай екенін атап өтті. Осыған байланысты дәрігерлер ықылыққа назар аударуға шақырды, себебі бұл адамның COVID-19 жұқтыруы мүмкін екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, олар коронавирус әлі зерттелмегенін, сондықтан вирустың ерекше белгілеріне назар аудару керек екенін мәлімдеді.
Коронавирус пластикалық хирургияны дамытты
Таяуда коронавирус пандемиясы тікелей болмаса да, жанама әсер еткен тағы бір ерекше құбылыс туралы хабарланды. New York Times мәліметінше, пандемия кезінде пластикалық хирургияның сұранысы артқан.
Газет пандемия кезінде бейнеқоңыраулар саны күрт өскенін атап өтті. Алайда, мұндай өзгерістер бәріне ұнай қоймаған: көптеген адам кадрдағы бейнесін жақтырмайды екен. Осыған байланысты олар пластикалық хирургтардың қызметін көбірек қолдана бастаған.
"Менде бір жазда биылғыдай бет терісін тарту бойынша осындай көп операция болмаған", - дейді Атлантада тұратын пластикалық хирург, доктор Диана Александр.
Ол 18 мамыр мен шілденің соңына дейін 251 процедура өткізгенін айтады. Оның сөзінше, клиенттердің көпшілігі оған: "Мен Zoom арқылы қоңырау шалғанмын, не болғанын білмеймін, бірақ түрім қорқынышты", - дейді екен.
Коронавирус кәріз жүйесі арқылы да тарайды
Ал жақында қытайлық ғалымдар коронавирус кәріз жүйесі арқылы тарайтынын мәлімдеді.
Environment International журналында жарияланған материалды зерттеуге ешкім тұрмайтын пәтердің жуынатын бөлмесінде коронавирус қоздырғышының анықталуы себеп болған.
Ақпанда ғалымдар коронавирустың құбыр арқылы тарауы мүмкін екенін айтқан. Зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін бұл теория дәлелденген.
© Reuters
Коронавирус қоздырғышы анықталған жуыну бөлмесі COVID-19 жұқтырған науқастар тұратын пәтерден жоғары үйде орналасқан. Зерттеушілер вирус құбырдан кішкентай бөлшектер арқылы өтетініне көз жеткізу мақсатында тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде аэрозоль бөлшектері 10 және 12 қабаттан анықталған.
Бұған дейін 17 жыл бұрын Гонконгте атипиялық пневмонияның тарауына да су құбыры себеп болған. Ол кезде ауруды үйдің 329 тұрғыны жұқтырып, 42 адам қайтыс болған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также