ПОДЕЛИТЬСЯ
19 августа 2020 | 17:35
"Қорқытып, үркітетін ауру емес" - дәрігер Кавасаки синдромы туралы
Коронавирус жұқтырған балаларда кездесетін жаңа синдром туралы хабар қазақстандықтардың есін шығарды. Елімізде Кавасаки синдромын жұқтырған және соның белгілеріне ұқсас 11 жағдай анықталған. Оны көбіне бес жасқа дейінгі балалар жұқтырады, ол ғылыми дәлелденген. Қазақстанда аурудың бұл түрін жұқтырған 11 баланың екеуі бес жасқа дейінгі бала, қалғаны 17 жасқа дейінгі балалар. Кавасаки синдромы туралы не белгілі? Оның алғашқы белгілері мен салдары қандай? Осы және өзге де сұрақтарға 12 жылдық тәжірибесі бар, 1-санаттағы балалар дәрігері, медицина магистрі Ғалия Батыржанқызы жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырған балаларда кездесетін жаңа синдром туралы хабар қазақстандықтардың есін шығарды. Елімізде Кавасаки синдромын жұқтырған және соның белгілеріне ұқсас 11 жағдай анықталған. Оны көбіне бес жасқа дейінгі балалар жұқтырады, ол ғылыми дәлелденген. Қазақстанда аурудың бұл түрін жұқтырған 11 баланың екеуі бес жасқа дейінгі бала, қалғаны 17 жасқа дейінгі балалар. Кавасаки синдромы туралы не белгілі? Оның алғашқы белгілері мен салдары қандай? Осы және өзге де сұрақтарға 12 жылдық тәжірибесі бар, 1-санаттағы балалар дәрігері, медицина магистрі Ғалия Батыржанқызы жауап берді.
Кавасаки тәріздес синдромы туралы не белгілі?
Дәрігердің айтуынша, Кавасаки синдромы бұрыннан келе жатқан синдромның бір түрі. Оның сөзінше, соңғы уақыттары пандемияға байланысты біз көптеген ауруды коронавирус инфекциясымен байланыстырамыз.
"Бірақ коронавирустан да бөлек вирустар болатындықтан, бәлкім сол вирустардың да әсері болуы мүмкін. Бірақ бүгінде Кавасаки тәрізді синдромды COVID-19-бен байланыстырамыз. Кавасаки бұрыннан бар, ал Кавасаки тәрізді синдром коронавирустан кейін пайда болуы мүмкін. Оған қатысты нақты зерттеу жоқ.
Бұл кез келген ЖРВИ немесе пневмониядан кейін мүшелердің қабынуларынан кейін де пайда болатын синдром. Қазіргі таңда балаларда коронавирус жеңіл түрде өтіп жатыр. Бірақ 1-3 апта көлемінде қайтадан дене қызуы көтеріліп, бөртпелер пайда бола бастады. Кез келген вирусты аурулардан соң асқынулар болады. Ол мыңнан бір балада кездесуі мүмкін. Сол сияқты коронавирустың асқынуы Кавасаки тәрізді синдром немесе көпжүйелі қабыну синдромы деп те аталады. Яғни, ол тек бір мүшенің не бір жүйенің қабынуы емес. Көптеген мүше зақымданады. Әсіресе, қан-тамыр жүйесінің, тамырлардың қабынуына әкеліп соғады", - дейді маман.
Дәрігер синдромның негізгі белгілерін түсіндіріп берді.
"Кавасаки тәрізді синдром, тағы да қайталап өтейін, ол көбіне коронавирустан кейін пайда болады. Яғни, коронавирустан кейін 1-3 апта көлемінде балалардың қызуы қайтадан көтеріле бастайды. Дене қызуы шамамен 38-39 градус болады. Артынша бір-екі күннен кейін баланың аяқ-қолына, бүкіл денесіне бөртпелер шыға бастайды. Сондай-ақ көзі іріңдеп, қабынуы мүмкін. Синдром қай жүйеге қатты әсер еткен болса, сол жүйенің де қабынуына әкеліп соғуы мүмкін. Яғни, егер ол тыныс жүйесіне шықса, баланың мұрнынан су ағып, жөтеліп, пневмония да пайда болуы мүмкін. Одан бөлек, бүйрек, ми, құлақтың қабыну процесі жүруі мүмкін", - дейді Ғалия Сейдалиева.
Кавасаки тәрізді синдром адам организмінің бірнеше жүйесінің қабынуына себеп болуы мүмкін.
"Кавасаки синдромын көп жүйелі қабыну процесі деп те атайды. Ол не деген сөз? Бұл синдром тек бір жүйенің қабынуына себеп болады деген сөз емес. Ол бүкіл ағзаның қабынуына әкеліп соғады. Көбіне қай жерде вирус көп шоғырланса, сол жерде қабыну деңгейі жоғары болады. Сондай-ақ бүкіл ағзаның, әсіресе, қан тамырларының, орташа және ірі калибрлы тамырлары қабынады.
Бір қорқыныштысы - балаларда майда тамырларға зақым келгенде миға, жүрекке не ішкі мүшелерге қан құйылу секілді өзгерістер пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, егер балада аталған симптомдар кездессе бірден дәрігерге көріну керек. Диагностика жасалып, бала ауруханаға жатқызылады", - дейді маман.
Аурудың салдары
Аурудың негізгі салдарының бірі - қан кетіп, тоқтамай ағуы мүмкін.
"Майда, орташа тамырлар қатты зақымдалса, қабынса қан құйылуы мүмкін. Қатты қабыну процесінің әсерінен сепсис немесе токсикалық шок болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға айтарымыз - бей-қам болмай, баланың жағдайын жасау керек. Синдромның бұл түріне бес жасқа дейінгі балалар сезімтал келеді. Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа елдерінде де қауіп тобына бес жасқа дейінгі балалар кіреді деген мәлімет бар", - дейді дәрігер.
Кавасаки тәрізді синдромды үй жағдайында емдеуге бола ма?
Ғалия Батыржанқызы Кавасаки тәріздес синдромды үй жағдайында емдеу мүмкін емес екенін кесіп айтты.
"Кавасаки тәрізді синдромды тек аурухана жағдайында емдеу керек. Ол үшін Денсаулық министрі дайындаған алгоритм бар. Сол бойынша дәрігерлер емдеудің әрбір кезеңін біледі. Егер бала ауыра бастаса кез келген ата-ана педиатрға баруы қажет. Егер педиатр синдромды анықтаса бірден ауруханаға жатқызады. Ол жерде қажет емдеу жұмыстары жасалады. Үй жағдайында емделуге болмайды", - дейді ол.
Маманның сөзінше, синдромның бұл түрі қатты үрейленіп, дүрлігетін ауру емес.
"Бұл арнайы қорқытып, үркітетін ауру емес. Алайда бір айтарымыз - қарапайым сақтану режимін ұстану керек. Ол: бес жастан үлкен балалардың маска тағуы, қолын жиі сабынмен жуып, қоғамдық орындарға бармау, дұрыс, құрамында дәрумендері бар тамақ ішу.
Жиі таза ауа жұтып, көңілді жүруге тырысу керек, сондай-ақ көп адам шоғырланған жерде бармау керек. Сонымен қатар, егер синдромның қандай да бір белгісін байқасаңыз, үй жағдайында емделмей, дәрігерге барып, маманның бақылауында болған жөн. Алдын ала дәрілер, антибиотиктер мен вирусқа қарсы дәрілерді ішіп жүрудің қажеті жоқ", - деп түсіндірді Ғалия Батыржанқызы.
Показать комментарии
Читайте также