14 января 2020 | 12:04

"Күн суығанда қаупі арта түседі". Дәрігер жұқпалы ауруларды шатастырмау керегін айтты

© Тұрар Қазанғапов

Күн суығанда түрлі аурулардың пайда болу қаупі арта түседі. Бұл ретте организм иммунитетінің маңызы зор. Себебі организмде жеткілікті дәрумендер болмаса, адам әлсіреп, бірден суық тиіп, тұмауратып қалып жатады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне терапевт Жансая Тілеубекова айтты. Дәрігер тұмау мен ЖРВИ сияқты маусымдық аурулардың қалай алдын алып, сақтануға болатынын айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Күн суығанда түрлі аурулардың пайда болу қаупі арта түседі. Бұл ретте организм иммунитетінің маңызы зор. Себебі организмде жеткілікті дәрумендер болмаса, адам әлсіреп, бірден суық тиіп, тұмауратып қалып жатады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне терапевт Жансая Тілеубекова айтты. Дәрігер тұмау мен ЖРВИ сияқты маусымдық аурулардың қалай алдын алып, сақтануға болатынын айтып берді.

Дәрігер көбі қыста тек тұмау асқынады деп ойлап қателесетінін айтады. Бірақ, оның айтуынша, күн суықта тұмаудан басқа гайморит, отит (құлақ аурулары), бүйрек аурулары сияқты дерттер көп тарайды. 

Реклама
Реклама

Тілеубекованың айтуынша, вирустың таралғанының басты белгісі дене қызуы көтеріліп, қалтырап, жұтқыншағы ісініп, адам терлегіш болып кетеді.


© pixabay.com

"Сондықтан иммунитетті көтеру үшін құрамында түрлі дәрумені бар өнімдерді пайдалану қажет. Әсіресе, С дәрумені бар апельсин, мандарин, алма, жүзім сияқты. Одан бөлек, вакцинация жасау қажет, созылмалы аурулары бар науқастар вакцинацияны тамыз айының соңында қыркүйекке қарай және қазан айының басына дейін жасатқаны абзал. Осы кезде ғана адамда иммунитет пайда болып, шамамен желтоқсан айына қарай сізде бүкіл қыс пен көктем маусымына шыдайтын жоғары иммунитет болады", - дейді терапевт.

Дәрігер иммунитетті көтеру үшін дәрумендерден бөлек, биологиялық белсенді қоспалары бар тағамдарды тұтынуға кеңес берді.

© pixabay.com

Сондай-ақ, дәрігер қазақстандықтардың көбі тұмау мен ЖРВИ-ді шатастыратынын айтады.

"Жедел респираторлық вирустық инфекциялар - әртүрлі қоздырғыштармен, соның ішінен парагрипп, аденовирустар, риновирустар, метапневмовирустар, бокавирустар және басқалар және олардың 300-ден аса түрінен пайда болатын инфекция тобы. ЖРВИ кезінде ауру біртіндеп басталады көп жағдайда адам тез шаршап, мұрны бітеледі, одан кейін ауру асқынған кезде құрғақ жөтел пайда болады. Ал тұмау - адамнан адамға тез таралатын тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық ауруы. Тұмау кезінде инкубациялық кезең 1 күннен 4 күнге дейін созылады", - дейді дәрігер.

Тұмау мен ЖРВИ-ден сақтану жолдары:

- Медициналық бетперделерді пайдалану;

- Ауырған адамдармен (балалармен) қарым-қатынасты шектеу;

- Үйді, бөлмені жиі желдету;

- Дәрумендер мен ақуызға бай, иммунитетті арттыратын тағамдарды тұтыну.

Дәрігер тамақ ауыруы кезінде спрейлерді пайдалану зиян екенін ескертеді. Оның айтуынша, спрейлер көп жағдайда кері әсер беретін болған.

Дегенмен, Тілеубекованың айтуынша, ешқашан да өзін-өзі емдеумен айналыспау керек. Сырқаттың алғашқы белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная