22 октября 2018 20:47

Маман жасанды түсік жасаудың әйел ағзасына қаншалықты зиян екенін айтты

© komron.info

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жасанды түсік түбімізге жетпей ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жасанды түсік түбімізге жетпей ме?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында Алтынай есімді кейіпкер өзінің жасанды түсікті қолдайтынын айтты. Ол мұның себептерін жіктеп берді.

Реклама
Реклама

"Егер жағдайы болмаса, баланы қинап, дүниеге әкелудің керегі жоқ деп ойлаймын. Алла сақтасын, мен әрине жоспарлы түрде баланы дүниеге әкелемін. Өмірде неше түрлі жағдай болады, сол себепті аборт деген жаман нәрсе емес. Өйткені баланың болашағын ойлау керек. Бала дүниеге келген соң, қаражат мәселесі еселеніп, жағдай қиындай түседі", - дейді Алтынай Маратқызы.

Алтынайдың айтуынша, әр адамның өз құқығы бар және ол үшін шешім шығаруға ешкімнің қақы жоқ.

"Әр адамның өз құқығы бар деп ойлаймын. Біреу үшін шешім шығаруға ешкімнің қақы жоқ. Егер ол ана үшін туамын десе өз еркі. Жоспарланбаған бала болса, түсік жасатуды қолдаймын", - дейді Алтынай Маратқызы. 

Гинеколог маман Алмаз Ибрагимов жасанды түсік жасаудың әйел ағзасына қаншалықты зиян екенін айтты.

"Жасанды түсік жасаудың әйел адамға зиянды тұстары өтеп көп. Біріншіден механикалық жағынан жатырға зақым келеді, келешекте баланың бекіп, ары қарай өсу мүмкіндігінің азаюы. Жүктілік дегеніміз - бұл физиологиялық үрдіс. Бұл кезде әйел адамның ағзасында гармон өзгерістері жүреді. Мұны үзген кезде, бүкіл каскад гармон механизмдерінің бұзылуының салдарынан ана бездерінің қызметі мен бүкіл гармондардың бұзылуына әкеп соғады. Бұл бедеулікке әкеп соғатын себептердің бірі болуы мүмкін", - дейді Алмаз Құрманәліұлы. 

Бағдарламаға қоңырау шалған әйел жас кезінде басынан өткерген оқиғасын баяндап берді.

"Жас кезімде бір жігітпен болып қойып, көтеріп қалдым. Оны білмедім, мерзімі де ұлғайып (4 ай) кеткен. Ақымақтықпен түсік жасаттым. Тұрмысқа шықтым, бірақ бала көтере алмай жүрмін. Мамандар ЭКО жасауға да кеш екенін айтады. Сол себепті қыздардың осы менің қателігімді қайталамаса екен деймін", - дейді бала көтеру мүмкіндігінен айырылған әйел. 

БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірге 2011 жылы зерттеу өткіздік. Жасөспірімдер (10-15-19 жас аралығында) арасында сұхбат арқылы қай жастан бастап жыныстық қатынасқа түсетінін анықтадық. Мектептер мен колледждерде сауалнамалар таратылды. Сол зерттеу нәтижесі бойынша, жасөспірімдердің 13 пайызы 14 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі екен. 19 жасқа дейінгі балалардың 50 пайызы жыныстық қатынасқа түскен. Ер балалар өз жасын азайтып көрсетеді, есесінен қыздар ұлғайтады, осының арқасында орта көрсеткіш шығарылады", - дейді Райымбек Сисемалиев. 

Бағдарламаның қонағы болған имам Сейіт Нұрқанов білместіктен, балалықпен жасаған күнә үшін сұрау алынатынын айтты.  

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram