ПОДЕЛИТЬСЯ
11 февраля 2020 | 17:26
Мамандар коронавирус жұғуы мүмкін деген үш жағдайды атады
Бүкіл әлем бойынша тарап жатқан коронавирусқа байланысты бүгін Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды. Қазіргі уақытта олар арнайы мекемелерге орналастырды, оларға екі апта карантин жарияланды. Себебі дәрігерлер бастапқыда бұл вирустың ауа тамшылары арқылы тарайтынын айтқан еді. Алайда бүгінге дейін індеттің басқа жұғу жолдары анықталып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүкіл әлем бойынша тарап жатқан коронавирусқа байланысты бүгін Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды. Қазіргі уақытта олар арнайы мекемелерге орналастырды, оларға екі апта карантин жарияланды. Себебі дәрігерлер бастапқыда бұл вирустың ауа тамшылары арқылы тарайтынын айтқан еді. Алайда бүгінге дейін індеттің басқа жұғу жолдары анықталып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.
Соңғы деректер бойынша, 2019-nCoV вирусынан қайтыс болғандардың саны 1000-нан асқан. 43 мыңға жуық адам осы ауруды жұқтырған болса, 3 мыңнан аса науқас емделіп шыққан.
Жөтелу кезіндеҚытайлық дәрігерлер бастапқыда вирус көп жағдайда адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайтынын алға тартқан болатын. Вирус тіпті қол алысып, амандасқанда да жұғатыны айтылған еді.
Ғалымдардың айтуынша, вирус ағзада ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан да вирус жұқтырған адам көп ұзамай қайтыс болады.
©REUTERS
"Бананнан жұғады", "Мәйіттерді өртеп жатыр". Коронавирус туралы Қазақстанда тараған фейктер
Тыныс алу жолдары арқылыМедицина мамандарының айтуынша, 2019-nCoV вирусының белгілері мен жұқтыру жолдары тұмауға ұқсайды. Дегенмен, дәрігерлердің сөзіне сенсек, коронавирус көбіне тыныс алу инфекцияларынан жұғады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус трахеит, бронхит, пневмония сияқты инфекциялардан жұғады. Айта кетейік, тыныс алу жолдары инфекцияларының басты белгілері - демігу, өкпенің қарлығуы.
Қытайлық дәрігер, инфекционист Ли Синван осы жағдайға қатысты мәлімдемелерінің бірінде вирус тыныс алу жолдары инфекцияларымен жұққан кезде адам өміріне қауіпті екенін айтқан болатын.
©REUTERS
Таяуда Америка мен Қытай ғалымдары коронавирусты жұқтырудың жаңа жолы барын анықтады. Олардың айтуынша, 2019-nCoV вирусы нәжіс арқылы тарауы мүмкін.
Қытайлық ғалымдар вирус жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың бірінің сараптамасынан вирустың нәжіс арқылы тарағанын анықтаған. Сондықтан зерттеушілер қандай жағдай болсын гигиена сақтау керегін ескертеді. Инфекцияның дәретхананы жуу арқылы да таралуы мүмкін екені айтылады.
Сондай-ақ, дәрігерлер коронавируспен жұқтырды деген қауіппен ауруханаға түскендердің 20 пайызында диарея болғанын айтады. Сондықтан мамандар сараптама жұмыстары аяқталғанға дейін тазалық сақтап, дұрыс тамақтануға кеңес береді.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2003 жылы Қытайда болған дәл осындай індеттен қайтыс болғандардың көбі нәжіс пен несеп инфекцияларын жұқтырғаны айтылады. Сол кезде жергілікті дәрігерлер инфекция дәретханадан тараған ауадан жұқты деп сендірген еді.
Жарқанат сорпасыАл The Sun басылымы Қытайдағы вирус ең алдымен жергілікті деликатес - жарқанаттан жасалған сорпадан тараған болуы мүмкін деген мәлімет келтірген еді. Бірқатар америкалық БАҚ осындай ақпарат таратқан еді.
Себебі Қытайдың ғылыми бюллетенінде келтірілген зерттеу бойынша, адамдардан анықталған вирус пен жарқанаттың ортақ белгісі көп болған делінеді.
Жергілікті басылымның мәліметінше, жарқанаттан жасалған сорпа - әсіресе Ухан базарларында кеңінен таралған тағам түрі. Ғалымдардың пайымдауынша, вирустың тарауына жарқанат сорпасы себеп болған деген болжам шындыққа жанасады.
Қазақстанда қазір жағдай қандай?#CoronavirusOutbreak may be linked to bat soup sold at Wuhan market
— EHA News (@eha_news) January 23, 2020
It has been claimed that the deadly strain shares a common ancestor with a virus found only in fruit bats.
Bat soup is reported to be an unusual but popular dish particularly in Wuhanpic.twitter.com/prGVZshyQ0
Күнделікті БАҚ-тарда Қытайдан келген қазақстандықтардың вирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылғаны айтылып жатыр. Дегенмен Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды сабырға шақырады. Ал вирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы, Үкімет басшысының айтуынша, қанағаттанарлық.
Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді.
Айта кетейік, 12 ақпанда тағы 145 қазақстандықты Қытайдан эвакуациялау жоспарланып отыр.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также