07 сентября 2020 | 10:04

Онколог өкпе ісігі мен пневмонияны қалай ажыратуға болатынын айтты

Фото: proinfekcii.ru

Статистикаға сүйенсек, бүгінде 187 мың қазақстандық онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте тұр. Дәрігерлер көп жағдайда қатерлі ісіктің белгілері байқала бермейтіндіктен дерттің асқына түсетінін айтады. Онколог Жансая Сатиева Tengrinews.kz тілшісіне елімізде ең көп таралған және қауіпті деген ісік түрлері туралы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Статистикаға сүйенсек, бүгінде 187 мың қазақстандық онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте тұр. Дәрігерлер көп жағдайда қатерлі ісіктің белгілері байқала бермейтіндіктен дерттің асқына түсетінін айтады. Онколог Жансая Сатиева Tengrinews.kz тілшісіне елімізде ең көп таралған және қауіпті деген ісік түрлері туралы айтып берді.

Онкологтың айтуынша, пандемияға байланысты соңғы 3-4 айда Қазақстанда өкпе қатерлі ісігінің жеңіл түрімен ауырып жатқандар саны көбейіп барады.

Реклама
Реклама

"Асқазан ісігі және сүт безі ісігіне шалдыққандар да аз емес. Дегенмен өкпе ісігі анықталған науқастар көп. Себебі көбі әдеттегі жөтелді пневмония ғана деп ойлап, дәрігерге қаралмайды. Мысалы, бронх қабынуы, пневмония, туберкулез сияқты созылмалы аурулар өкпе обырына тікелей себепші болады. Себебі өкпеде қатерлі ісік дәл осы аурулар асқынғанда бірден пайда болады", - дейді дәрігер.

Онколог өкпе ісігінің алдын алу үшін рентгенологиялық диагностика, бронхоскопия, ультрадыбыстық диагностика, қақырықты цитологиялық зерттеу сияқты әдістерге жүгінуге кеңес береді. 

"Бұл аурумен көбіне орта жастан асқандар ауырады. Сондықтан тыныс алғанда қандай да бір алаңдататын белгілер болған жағдайда жедел түрде өкпенің рентгенологиялық зерттеуін жүргізу керек. Патологиялық белгілер анықталса онкологқа қаралу керек. Өкпенің қатерлі ісігі егде жастағы адамдар арасында туберкулезге қарағанда екі есе жиі кездеседі", - дейді Сатиева.

Сондай-ақ, дәрігер өкпе ісігін коронавируспен шатастырмау керегін айтады. Онкологиялық аурудың коронавирустан басты ерекшелігі ол бірнеше күнде байқалмайды, ісік айлап, жылдап пайда болады да белгілері кейін байқалуы мүмкін дейді дәрігер.

"Коронавирус инфекциясы өкпені зақымдаған кезде төменгі тыныс алу жолдарында ірің пайда болмайды. Бұл ретте тек тамырлар жаппай зақымданады. Ал өкпе ісігі пайда болғанда бір ғана орган, яғни өкпе ғана зақымданбайды, бұл жағдайда ісік барлық ағзаға тарап кетеді де бүкіл органның қызметін кедергі келтіреді. Жөтел мен қақырық пайда болса алаңдаудың қажеті жоқ. Ал егер қан аралас жөтел мен тыныс алу қиындаса шұғыл түрде дәрігерге бару керек", - дейді Сатиева.

Ал ең қауіпті ісік түрі, онкологтың айтуынша, сүт безі қатерлі ісігі. Cондықтан әрбір әйел жыл сайын тексерістен өткені жөн дейді дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная